Әйелдер қанатының қатысуымен инклюзивті орта және аутизмнің ерте алдын алу мәселелері талқыланды
Көкшетауда өткен интерактивті дөңгелек үстелде Әйелдер қанатының қатысуымен инклюзивті білім беру және аутизмнің ерте профилактикасы мәселелері қарастырылды
3 сәуір күні Ш. Уәлиханов атындағы КУ-дің «Шоқантану» залында «Инклюзивті орта: кешенді қолдау және аутизмнің ерте профилактикасы» тақырыбында интерактивті дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны Ақмола облысы АДЖ және Әйелдер күштері альянсы төрағасының орынбасары Раушан Сәлімқызы Туранова және «Qolqanat» әлеуметтік жобасының негізін қалаушысы, облыстық мәслихат депутаттары мен «Инклюзивті білім беру және нейроалуандылық» ғылыми-зерттеу зертханасымен бірлесіп ұйымдастырды.
Кездесу аутизм туралы ақпаратты тарату бойынша Дүниежүзілік күнге орай өткізілді және денсаулық сақтау мен білім беру саласының мамандарын, ҮЕҰ өкілдерін, депутаттарды және ата-аналарды біріктірді.
Баяндамалар барысында инклюзивті білім беру, ерте диагностика, балалардың білім алу қажеттіліктерін бағалау, сондай-ақ әлеуметтендіру мен еңбекке бейімдеу мәселелері талқыланды.
Іс-шара пікір алмасуға және тәжірибе бөлісуге мүмкіндік беріп, әрбір балаға қолжетімді білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың маңызын көрсетті.