Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қ... 12 наурыз, 2026

Әйелдер қанатының қатысуымен өткен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының III республикалық форумы

Тәуелсіздік сарайында өткен республикалық форумда Әйелдер қанаты мүшелері өңірлік даму және мемлекеттік басқару тиімділігі мәселелерін талқылауға қатысты.

Әйелдер қанатының қатысуымен өткен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының III республикалық форумы
Қашан
12 наурыз 2026, 00:00
Қайда
Солтүстік Қазақстан облысы
Тәуелсіздік сарайы, Астана

Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының III республикалық форумы өтті. Форум барысында өңірлерді дамыту, мәслихаттардың жұмыс тиімділігін арттыру, сондай-ақ орталық және жергілікті билік арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.

Еліміздің әр өңірінен келген депутаттарды біріктірген бұл жиын тәжірибе алмасуға, өзекті бастамаларды қарастыруға және Қазақстанның тұрақты дамуына бағытталған жаңа шешімдерді қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, форум жұмысына «AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының мүшелері қатысып, өңірлерді дамытуға бағытталған бастамалар мен пікірталастарға белсенді атсалысты.

69f86451de9e9.png
69f86451eb442.png
69f86451e4967.png
69f86451f12af.png