Әйелдердің саяси көшбасшылығын қ...
7 сәуір, 2026
Мәжіліс депутатының қатысуымен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» коалициясы аясында Ақмола облысында түсіндіру кездесулері өтті
Ақмола облысында жаңа Конституция жобасын талқылау және түсіндіру мақсатында еңбек ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты Динара Рустамқызы Наумова «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалициясы аясында Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында Облыстық Қан орталығы ШЖҚ МКК еңбек ұжымдарымен кездесулер өтті. Кездесулердің негізгі мақсаты — жаңа Конституция жобасын түсіндіру және қоғам үшін маңызды өзгерістерді талқылау болды.
Қатысушыларға Конституция жобасының негізгі ережелері бойынша ақпарат беріліп, өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ еңбек ұжымдары өкілдері өз пікірлері мен сұрақтарын ортаға салды.