«Зорлық-зомбылық пен қатыгездіктен зардап шеккен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау»
«AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктен зардап шеккен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған диалог алаңын ұйымдастыруда.
13 мамырда сағат 15.00-де Әлеуметтік қызметтер үйінде (Достық даңғылы, 85, 5-қабат) «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен зорлық-зомбылық пен қатыгездіктен зардап шеккен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған диалог алаңы өтеді.
Іс-шара аясында ведомствоаралық өзара іс-қимыл, баланың қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ бейінді қызметтер жұмысының алгоритмдерін жетілдіру мәселелері талқыланады.
Талқылауға мемлекеттік органдар мен бейінді ұйымдардың өкілдері, соның ішінде қорғаншылық органдары, Балаларды қолдау орталығы және Балаларға психологиялық қолдау көрсету орталығы шақырылды.