«AMANAT» партиясының алаңында зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі талқыланды
«AMANAT» партиясының алаңында зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі талқыланды
«AMANAT» партиясының алаңында зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі талқыланды
«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалыда «Зорлық-зомбылықтың түрлері мен белгілері» тақырыбында психолог мамандардың қатысуымен лекция ұйымдастырылады.
Іс-шараның мақсаты – қоғамда зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның түрлері мен алғашқы белгілерін түсіндіру, құқықтық және психологиялық сауаттылықты арттыру. Лекцияға «Құқықтану» және «Психология» мамандықтарының студенттері, сондай-ақ партияның ШҚО филиалы жанындағы Әйелдер қанатының өкілдері қатысады.
«Зорлық-зомбылық мәселесі – тек жеке отбасының емес, бүкіл қоғамның ортақ проблемасы. Сондықтан жастарға оның белгілерін ерте кезеңде тануды, құқықтық қорғану тетіктерін білуді үйрету аса маңызды. Осындай кездесулер арқылы біз алдын алу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеміз», – деді «AMANAT» партиясының ШҚО филиалы жанындағы Әйелдер қанатының төрайымы Зарина Камасова.