БАЛА ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
№48 Ә. Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейінің базасында "Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының алдын алу" тақырыбында жиын өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов, аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев, Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Дәуренбек Насибеков, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ағыбай Төлегенов, аудандық спорт бөлімінің басшысы Берікбай Ермағанбетов, отбасын қолдау орталығының қызметкерлері, дәрігерлер, Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі директорының орынбасары Бақтияр Дайрақұлов, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, ата-аналар, ұстаздар қатысты. Жиында кәмелетке толмаған жасөспірімдермен жасалатын, оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылық фактілері талданды. Жасөспірімдердің заңсыз көлік құралдарын айдап кетуі, түнгі мезгілде көшеде жүруі, топтасуы, кикілжің себептері, буллинг туралы түсіндіріліп, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру бағытында ұсыныстар айтылды. Аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімінің қызметкері Дәулет Болатов хабарлама жасап, құқық бұзушылық бойынша қолданылатын айыппұлдар мен тәртіптік жауапкершіліктер туралы айтты.
Жиын барысында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
