«Ғылым Talks: Ғылым және қоғам — әйел-ғалымның үні»
Ғылым күніне орай «Ғылым Talks: Ғылым және қоғам — әйел-ғалымның үні» іс-шара өткізілді.
«Достық үйінде» ғылым, қоғам және белсенді жастар өкілдерін біріктірген «Ғылым Talks: Ғылым және қоғам — әйел-ғалымның үні» атты іс-шара өтті.
Іс-шарада құттықтау сөз сөйлеген «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов ғылым мен қоғамның дамуына әйелдердің қосар үлесінің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара модераторы, «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының төрайымы Балташева А.К. өз баяндамасында Әйелдер қанатының негізгі жетістіктерін атап өтіп, жаңа Конституцияның ерекше маңызын айқындады.
Ғылыми бағыттың кураторы Айгүл Досжановна Ақмола облысындағы әйел-ғалымдардың ғылыми жобаларға қатысуы туралы айтып, олардың өңірдің дамуына қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтті.
Спикер-ғалымдар- Айгүл Құрманбаева, Динара Кәуметова, Күлсара Рүстемова және Гүлгүл Искакова қоршаған ортаны қорғау, тау-кен ісі, медицина және филология салаларындағы табысты тәжірибелерімен бөлісіп, ғылыми қызметтің нәтижелерін ұсынды.
Іс-шара барысында спикерлер ғылымды дамытуға және қоғамдық белсенділігі үшін «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының алғыс хаттарымен марапатталды.
Іс-шара қатысушыларға шабыт пен бірлік атмосферасын сыйлаған мерекелік концертпен қорытындыланды.
https://www.instagram.com/reel/DXEsYSiiBC3/?igsh=czZsbWt0dXRxdXUz