"Қабылда мені әлем"
Қ. Сыдиықұлы атындағы кітапханада ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған «Қабылда мені, Әлем» кітабының таныстырылымы өтті. Кітапта авторлардың өмірлік тәжірибелері мен пайдалы кеңестері қамтылған. Шара барысында инклюзивті қоғам қалыптастырудың және ата-аналарды қолдаудың маңызы айтылды.