01
Әйелдердің саяси көшбасшылығын дамыту
- Тұрақты өзара іс-қимыл, тәжірибе алмасу және өзара қолдау үшін көшбасшы әйелдердің белсенді қауымдастығын қалыптастыру.
- «Әділет» партиясының Мәжілістегі әйел-депутаттарын облыстық және аудандық мәслихаттардағы әйел-депутаттарға практикалық, әдістемелік және сараптамалық қолдау көрсету үшін бекіту.
- «Әділет» партиясы Фракциясы жанынан «Томирис» жобасының көшбасшылары қатарынан депутаттардың қоғамдық көмекшілері институты — қоғамдық офис құру.
- Әйел-көшбасшыларға арналған тағылымдамалар ұйымдастыру: өңірлердің нақты проблематикасын зерделеу, депутаттық сауалдар дайындау, нормативтік құқықтық актілерге енгізу үшін жаңа нормаларды әзірлеуге қатысу.
- Заң жобаларын талқылау жөніндегі жұмыс топтарына қатысу арқылы әйел-көшбасшыларды заң шығару қызметіне тарту.
- Дайындықтан өткен көшбасшы әйелдерді мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы басшылық лауазымдарға ілгерілету, сондай-ақ барлық деңгейдегі депутаттыққа ұсыну.