«AMANAT» партиясымен бірге қауіпсіз цифрлық ортаға!
Тараз қаласында өткен workshop барысында цифрлық сауаттылықты арттыру, интернеттегі қауіпсіздік және жеке деректерді қорғау мәселелері талқыланды.
Бүгін «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Әйелдер» қанатының бастамасымен Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Цифрлық сауаттылық және цифрлық ортадағы қауіпсіздік» атты ауқымды WORKSHOP өтті.




«AMANAT» ұйымдастырған жиында не айтылды? Желідегі қауіпсіздік: Интернет алаяқтарының құрығына түспеу жолдары.
Деректерді қорғау: Жеке мәліметтерді кибершабуылдардан қалай сақтау керек?
Сауаттылық: Цифрлық қоғамда өзіңді қауіпсіз сезіну ережелері. Партия спикерлері қатысушылармен шынайы кейстерді талдап, маңызды кеңестер берді.
Қауіпсіз қоғам — цифрлық сауаттылықтан басталады!

