Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие укреплению женского з... 4 марта, 2026 Кызылординская область

ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ: ӨНЕГЕЛІ ӨМІР - ӨРЕЛІ ҚЫЗМЕТ

ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ: ӨНЕГЕЛІ ӨМІР - ӨРЕЛІ ҚЫЗМЕТ

2026 жылғы 2 наурыз күні Шиелі кенттік "Арман" мәдениет үйінің ұйымдастыруымен "Адал адам" мәдени-тәрбие беру орталығының "Сұхбат-TIME" жобасын жүзеге асыру мақсатында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай "ӘЙЕЛ-АНА, ӘЙЕЛ-АРУ, ӘЙЕЛ-ГҮЛ" атты Шиелі ауданының құрметті азаматтары, ел басқарған, қазіргі кезде зейнеткер аналармен кездесу өткізілді.

Кездесудің қонақтары Шиелі ауданының құрметті азаматы, Жөлек ауылының әкімі қызметін атқарған Назира Парманкулова, Бидайкөл ауылының әкімі қызметін атқарған, Шиелі ауданының құрметті азаматы Ұлмекен Назарбекова, Бестам ауылының әкімі болған, Шиелі ауданының құрметті азаматы Қазима Дүрімбет және Шиелі ауданының құрметті азаматы, Ыбырай Жақаев ауылы әкімі қызметін атқарған Әтіркүл Шорабаева.

Мәдениет үйінің фойесіне кеш қонақтарының алғыс хаттары мен медалдарының, кітаптарының көрмесі қойылып, келушілерге ұсынылды. Кездесудің басы ел басқарған аналардың отбасы мен кәсіби қызметі туралы арнайы дайындалған бейнероликпен бастау алды. «Арман» мәдениет үйінің өнерпаз жігіттері «Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады» прологымен кездесудің шымылдығын ашты.

Көктемнің алғашқы мерекесі 1 наурыз – Алғыс айту күні және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Найлә Палымбет, «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова құттықтау сөз сөйлеп, ауданның өсіп-өркендеуіне үлес қосқан бірқатар аудан тұрғындарын Шиелі кентінің әкімі Аманкелді Өмірәлінің Алғыс хатымен марапаттап, сый-сияпат табыстады.

Кездесудің қонақтарын сахна төріне шығарып, қошемет көрсетілді. Кездесу сұхбат кешінің тізгінін «Арман» мәдениет үйінің директоры, аудандық мәслихат депутаты Нұргүл Шалекеева жүргізді.

Өз кезегінде Нұргүл Тәңірбергенқызы қонақтарға бала кездерінен, отбасы бала-шағалары, кәсіби қызметтері, ел басқару қызметіне келуі, ауыл әкімі болған жылдарындағы қиын кезеңдері мен қызықты сәттері туралы сауалдарын қойып, кеш қонақтары тарапынан да тілектерін білдірді. Сонымен қатар, қызметтегі қыз-келіншектерге кеңестерін берді.

Кеш барысында «Арман» мәдениет үйінің әншілері Ана туралы әннен шашу шашып, көрермендердің ыстық ықыласына бөлене білді.

Кездесу соңында мәдениет үйінің директоры Нұргүл Тәңірбергенқызы ұжым атынан төрт ел басқарған анаға қазақтың ұлттық шапанын иығына жауып, бастарына ақ орамал жапты.

Кеш қонақтарының туыстары мен ауылдастыры сөз сөйлеп, гүл шоқтарын табыстап сый құрмет көрсетті.

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

8 мая, 2026

БАЛА ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

7 марта, 2026

ӘЙЕЛ ЕҢБЕГІ – ЕЛ МЕРЕЙІ

14 мая, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

1 апреля, 2026

В Петропавловске владелица салона красоты «Vildana Studio» Вильдана Кожахметова организовала бесплатный курс в рамках партийного проекта «Бақытты отбасы»

Вильдана Кожахметова,член Женского крыла Северо-Казахстанского областного филиала партии «AMANAT» владелица с...