Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие укреплению женского з... 27 мая, 2026 Кызылординская область

ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ: ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ: ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

«AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалына қарасты «Сүттіқұдық» бастауыш партия ұйымында Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Тағылымды шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың тәрбиесі, отбасы құндылықтары, ұлттық салт-дәстүр мен адамгершілік қасиеттерді дәріптеу болды.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, мектеп пен қоғамның жауапкершілігі, ұлттық құндылықтарды жастардың бойына сіңіру мәселелері жөнінде өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар қазіргі қоғамдағы тәрбие мәселелері, жасөспірімдердің білімге, еңбекке және мәдениетке деген көзқарасын қалыптастыру бағытында пікір алмасу жүргізілді.

Іс-шараға қатысқан аналар ұрпақ тәрбиесі – ел болашағының кепілі екенін атап өтіп, бала тәрбиесінде бірлік пен ынтымақтың маңыздылығына тоқталды. Кездесу барысында тәрбиелік мәні зор ойлар айтылып, пайдалы ұсыныстар ортаға салынды.

Осындай мазмұнды шаралар өскелең ұрпақтың саналы, тәрбиелі әрі отансүйгіш азамат болып қалыптасуына өз үлесін қоса беретіні сөзсіз.

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

8 мая, 2026

БАЛА ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

7 марта, 2026

ӘЙЕЛ ЕҢБЕГІ – ЕЛ МЕРЕЙІ

14 мая, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

1 апреля, 2026

В Петропавловске владелица салона красоты «Vildana Studio» Вильдана Кожахметова организовала бесплатный курс в рамках партийного проекта «Бақытты отбасы»

Вильдана Кожахметова,член Женского крыла Северо-Казахстанского областного филиала партии «AMANAT» владелица с...