Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Содействие укреплению женского з... 29 мая, 2026 Кызылординская область

ЕЛ АНАСЫ – ӨТКЕН МЕН БҮГІНДІ ЖАЛҒАҒАН АЛТЫН КӨПІР

ЕЛ АНАСЫ – ӨТКЕН МЕН БҮГІНДІ ЖАЛҒАҒАН АЛТЫН КӨПІР

"AMANAT" партиясына қарасты Сырдария аудандық әйелдер қанатының жетекшісі Жанна Сәркеева партия ардагері Алма Бақтияроваға құрмет көрсетті. Музей – ұлттың жады, өткеннің аманаты, келешекке жол тартқан рухани қазына. Осы қасиетті қара шаңырақтың өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып, ұзақ жылдар бойы жауапкершілікпен басшылық еткен Алма Сайранқызының еңбегі – шынайы құрметке лайық.

Алма Бақтиярова – тарихтың үнін жүрегімен сезініп, өткеннің асыл мұрасын көздің қарашығындай сақтай білген жан. Сыр өңірінің шежіресін түгендеп, талай құнды жәдігердің музей қорына қосылуына зор үлес қосты. Зиялы болмысы мен парасатты пайымы арқылы көпшілікке сыйлы, кейінгі буынға үлгі тұлғаға айналды.

Ел анасына тән мейірім мен жанашырлық, мәдениетке деген адалдық Алма апайды ел құрметіне бөленген тұлға етті. Руханият жанашыры музей қабырғасында тек қызмет атқарып қана қоймай, тарих пен бүгінді жалғаған рухани көпір бола білді.

Сан жылдар бойы аудан тарихын жинақтап, музей ісінің дамуына зор үлес қосқан Алма Сайранқызы – мәдениет пен руханият саласының шынайы жанашыры. Оның еңбегі – кейінгі ұрпаққа үлгі, ел тарихына деген адалдықтың айқын көрінісі.

Ещё новости

Смотреть все
18 октября, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 октября, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

8 мая, 2026

БАЛА ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

7 марта, 2026

ӘЙЕЛ ЕҢБЕГІ – ЕЛ МЕРЕЙІ

14 мая, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

1 апреля, 2026

В Петропавловске владелица салона красоты «Vildana Studio» Вильдана Кожахметова организовала бесплатный курс в рамках партийного проекта «Бақытты отбасы»

Вильдана Кожахметова,член Женского крыла Северо-Казахстанского областного филиала партии «AMANAT» владелица с...