«Ғылымдағы әйелдер: Талпыныс, Төзімділік, Табандылық» атты Fail Conference өтті
AMANAT партиясының облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты «Ғылымдағы әйелдер: Талпыныс, Төзімділік, Табандылық» атты Fail Conference конференцияда ғылымдағы әйелдің дара жолы, жетістіктерімен қатар қиындықтары да талқыланды.









11 ақпан «Ғылымдағы әйелдердің халықаралық күніне» орай AMANAT партиясының облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты және Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті «Ғылымдағы әйелдер: Талпыныс, Төзімділік, Табандылық» атты Fail Conference ұйымдастырды. Конференцияны «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Д.Бейсенқұлов ашып, жаңа Конституциядағы ғылым мен инновацияның ел дамуының басым бағыты ретінде нақты бекітілуі – маңызды қадам екенін атап өтті. Жиынға қатысқан М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің ректоры Л.Еркінбаева мен Қазақ Ұлттық Су шаруашылығы және ирригация университетінің ректоры К.Түсіпова ғылымды Конституциялық деңгейде қолдау зерттеушілердің дамуына серпін беретінін, әсіресе жас ғалымдар мен әйел зерттеушілерді қолдау бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігін айтты. Спикерлер академиялық көшбасшылық, университеттік қолдау тетіктері, экология және қолданбалы зерттеулер бойынша пікір алмасты. Қатысушылар ғылым жолындағы жетістіктермен қатар, кездесетін қиындықтарды да ашық талқылады.