ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының және аудандық әйелдер қанатының ұйымдастыруымен интеллектуалдық сайыс өткізілді. Сайысқа «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, «Тоқтыбаев» бастауыш партия ұйымының төрайымы, аудандық әйелдер қанатының жетекшісі Жанна Сәркеева, аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы Аружан Мұханбетқали қатысып, төрелік етті.
Сайысқа «Мұра сақшылары», «Заманауи ұстаздар», «Оқырман ордасы» және «Дара жастар» атты төрт топ қатысты. Олар бес кезең бойынша сынға түсіп, ой ұшқырлығы мен білім деңгейлерін сарапқа салды. Сайысты Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің мемлекеттік тіл оқытушысы Ақтоты Ертилеуова жүргізіп, ойын шарттарымен түсіндірді.
Қызықты әрі тартысты өткен интелектуалдық сайыста қатысушылар түрлі сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындады. Қатысушылар Жаңа Конституция жобасы туралы да өз ойларын ортаға салды. Нәтижесінде аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Дара жастар» тобы І орынды жеңіп алды. ІІ орынмен аудандық тарихи-өлкетану музейі мен аудандық архив атынан қатысқан «Мұра сақшылары» тобы иеленді. Ал, ІІІ орын «Тоқтыбаев» бастауыш партия ұйымының намысын қорғаған «Заманауи ұстаздар» тобына бұйырды. Сонымен қатар аудандық кітапхананың атынан сынға түскен «Оқырман ордасы» тобы ынталандыру сыйлығымен марапатталды.
Интелектуалдық сайыс соңында «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, «Тоқтыбаев» бастауыш партия ұйымының төрайымы Жанна Сәркеева, аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы Аружан Мұханбетқали сөз сөйлеп, жеңімпаздарға Диплом, естелік сыйлық табыстады. Сонымен бірге сайысты ұйымдастыруға белсене үлес қосқаны үшін Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің мемлекеттік тіл оқытушысы Ақтоты Ертилеуова арнайы Алғыс хатпен марапатталды.