Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Инклюзия қоғамының дамуына жәрде... 2 маусым, 2026 Маңғыстау облысы

№3 орталықтағы резонанстық жағдайға байланысты комиссия құрылды

Әйелдер қанатының жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты Пания Сармурзина мен Әйелдер қанатының мүшесі Тілектес Болатбаева №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барып, балаларды мерекемен құттықтап, әлеуметтік желіде көтерілген жағдайға байланысты мекеме жұмысын зерделеді. Қазіргі таңда арнайы комиссия тексеру жүргізіп жатыр, ал балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мәселесі қатаң бақылауға алынған.

№3 орталықтағы резонанстық жағдайға байланысты комиссия құрылды

«AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты Пания Сармурзина және бала құқығы жөніндегі уәкіл Тілектес Болатбаева №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына арнайы барып, тәрбиеленуші балаларды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

Іс-шара барысында орталықтағы тәрбиеленушілерге мерекелік көңіл-күй сыйланып, оларға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, әлеуметтік желіде қоғам назарын аудартқан орталықтағы жағдайға байланысты Пания Сармурзина мен Тілектес Болатбаева мән-жайды зерделеп, мекеме қызметкерлерімен, тәрбиешілермен арнайы кездесу өткізді. Кездесу барысында болған оқиға жан-жақты талқыланып, балаларға көрсетілетін қызмет сапасы мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.

Пания Сармурзинаның айтуынша, аталған жағдайға байланысты облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан арнайы комиссия құрылды. Қазіргі таңда орталық қызметіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Комиссия қорытындысы шыққаннан кейін орталық басшылығы мен жауапты қызметкерлердің әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, тиісті шаралар қабылданады.

Сондай-ақ, депутат балалардың қауіпсіздігі мен олардың құқығын қорғау – басты басымдықтардың бірі екенін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстардың қатаң бақылауда болатынын жеткізді https://www.facebook.com/share/p/18b5RxCMCT/

6a28f6080a450.jpg

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 тамыз, 2026

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

7 тамыз, 2026

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

4 мамыр, 2026

«Қабілетке қарай бағыт: ерекше балаларға кәсіп таңдаудың тиімді жолдары» облыстық кездесу

Өңірде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға тең мүмкіндік жасау, олардың сапалы білім алып, қоғамға толы...

12 ақпан, 2026

Облыстық «Ana serpini» әлеуметтік жобасы Жаңаөзенде басталды.

Мақсаты – әйелдер мен аналардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, олардың бизнес бастамаларын қолдау, жаңа идеялар...

15 мамыр, 2026

⚡Алматы қалалық «AMANAT» партиясы филиалының алаңында «ШЕКСІЗ МҮМКІНДІК» жобасы аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 9–11 сынып түлектерін қолдау және әлеуметтендіруге арналған кездесу өтті.

11 сәуір, 2026

Ұлы ғалымның мұрасы мәңгілікке қалды!