Ақтөбедегі әйелдер қанаты мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау жолдарын қарастырды
📌Ақтөбе облысында 31 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат тұрады. Оларға қолайлы жағдай жасап, тең мүмкіндіктер қалыптастыру – «AMANAT» партиясының басым бағыттарының бірі. Бүгін партия жанындағы Әйелдер қанатының облыстық жұмыс тобы осы мәселені талқылады.
🔹Жиында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, инклюзивті қоғам қалыптастыру және ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қолдау мәселелері қозғалды. Жұмыс тобының жоспарына мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен кездесулер өткізу және әлеуметтік кәсіпкерлікке оқыту және тб іс-шаралар енгізілді.
🔸«Инклюзивті қоғамның дамуына жәрдемдесу» жұмыс тобының жетекшісі Анар Даржанова әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуы мен оның қоғам үшін маңызына тоқталды. Ал партияның облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының кеңесшісі Күлшат Масалимова ерекше балалардың күтімімен отырған аналарға үйде кәсіп ашуға және қолөнермен айналысуға қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.
Партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Әсел Сарманова инклюзивті қоғам қалыптастыру Әйелдер қанатының 10 басым бағытының бірі екенін атап өтті. Ол облыста 31 615 мүмкіндігі шектеулі жан, оның 5 700-ден астамы — балалар екенін айтып, оларға тең мүмкіндік жасауға жұмыстану қажеттігін жеткізді,
♦️Жиында жұмыс тобының 4 мүшесі, ерекше балалардың ата-аналары биыл ақпанда Израильде MASHAV бағдарламасы бойынша өтетін «Арнайы білім берудің инновациялық тәсілдері» оқу курсына қатысатыны айтылды. Курс инклюзивті білім беру әлеуетін арттырып, ерекше балаларды қолдаудың жобаларын дамытуға мүмкіндік береді.
📍Сонымен қатар Қазақстанның Еңбек Ері Құралай Байменова, ерекше балалардың ата-аналары мүмкіндігі шектеулі жандар мен олардың ата-аналарын қолдау бағытында бірқатар ұсыныстар айтып, күн тәртібіне енгізілді. Қатысушылар алдағы жұмыс жоспарын талқылап, ортақ мақсат жолында бірлесіп еңбек етуге дайын екендерін білдірді.
📎Айта кету керек, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында 2023–2027 жылдары 907 нысан бейімделіп, мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік инфрақұрылымға қолжетімділігі қамтамасыз етілді.