Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Қоғамда цифрлық теңдікті қамтама... 28 мамыр, 2026 Алматы облысы

AMANAT CUP: Алматы облысында партия мүшелері шағын футболдан бақ сынады

Алматы облысында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен шағын футболдан «AMANAT CUP» турнирі өтті. Қонаев қаласында өткен жарысқа мәслихат депутаттары, партия мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділерінен құралған 8 команда қатысты.

AMANAT CUP: Алматы облысында партия мүшелері шағын футболдан бақ сынады
6a183c7f92329.jpg

Турнир облыстық партия филиалының бастамасымен алғаш рет ұйымдастырылды. Жарыстың басты мақсаты – партия мүшелері арасында командалық рухты нығайту, өзара байланысты күшейту және салауатты өмір салтын насихаттау.

 

«AMANAT CUP» алаңында әр ауданнан келген командалар бас жүлде үшін тартысты ойын көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар партияішілік байланысты арттырып қана қоймай, қоғамдық жұмыста қатар жүрген азаматтардың бейресми ортада пікір алмасуына, бір-бірімен жақын араласуына мүмкіндік береді.

 

«Депутаттар, партия мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және «Жастар Рухы» белсенділерінен құралған 8 команда жарысқа қатысты. Ойын өте тартысты өтті. Әр кездесуде бәсеке жоғары болды. Бұл – бір жағынан партия мүшелерінің жұмыстан тыс уақытта пайдалы бас қосуы, өзара байланысын нығайтуы болса, екінші жағынан салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бастама. Алдағы уақытта күзде волейболдан да турнир ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз», – деді «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев.

 

Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені «Қонаев Барыс» командасы жеңіп алды. Екінші орын «Қонаев» командасына бұйырса, үшінші орынды «Алаш» командасы иеленді.

 

«Ойын өте тартысты өтті. Біз мықты қарсыластармен бақ сынастық. Мұндай турнирлер командалық рухты көтереді, спортпен шұғылдануға ынталандырады және партия мүшелері арасындағы ынтымақтастықты арттырады», – деді Қарасай аудандық мәслихатының депутаты Бекжан Сүнбеков.

 

Сондай-ақ турнир қорытындысы бойынша бірнеше партия мүшесі арнайы номинациялармен марапатталды. «Үздік қақпашы» аталымы Тұғанбай Нұрланға, «Үздік қорғаушы» номинациясы Алимов Нұржанға, «Үздік ойыншы» атағы Нұртас Сахимбайға, ал «Үздік шабуылшы» номинациясы Қизат Шыңғысқа берілді.

6a183cb13e516.jpg
6a183cbbdd5bb.jpg

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 тамыз, 2026

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

7 тамыз, 2026

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

8 мамыр, 2026

«AMANAT»: Қонаевта депутаттар мен әкімдер халықпен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін меңгеруде

Қонаев қаласында «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен функционалдық құзыретті дамы...

13 ақпан, 2026

«Домалақ ана»: Алматы облысында әйелдердің саяси көшбасшылық мектебі ашылды

Қонаев қаласында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының «Домалақ ана» әйелдерді...

8 мамыр, 2026

«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: САНАЛЫ ҚОЛДАНУ МӘДЕНИЕТІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Белсе...

5 мамыр, 2026

Цифрлық әлемге қадам: «MEDIANA» IT компаниясы және «MANGYSTAU.HUB» стартаптар мен технологиялар алаңында жастарға арналған экскурсия

«AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы «MEDIANA» IT компаниясымен бірлесіп, «MANGYSTAU.HUB» алаңында...