AMANAT: инклюзивті қоғам мен отбасы қолдауы жолында.
«Инклюзивті қоғамды дамытуға жәрдемдесу» бағытының жетекшісі Тұранова Р.С.-ның жетекшілігімен «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды кәсіби бағдарлау және жұмыспен қамту: мәселелер, қолдау шаралары мен мүмкіндіктер» тақырыбында іс-шара өтті.
Іс-шарада «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Б.Беспалинов құттықтау сөз сөйлеп, әрбір балаға тең мүмкіндік жасау, отбасыларды қолдау және инклюзивті қоғамды дамыту маңыздылығын атап өтті.
Аталған шараға Италия мемлекетінің Женева университетінің PhD докторы, асспрофессор, инклюзия бойынша халықаралық эксперт Diana Spulber қатысып дәріс оқыды. Кездесу барысында қатысушылар кәсіби бағдар беру, жұмыспен қамту, мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру мүмкіндіктері жөніндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Іс-шара жылы әрі әсерлі тренингпен қорытындыланды. Тренинг аясында ата-аналар сурет арқылы балаларының жарқын болашағын, арман-мақсаттарын, үмітін және әрбір баланың шексіз мүмкіндігіне деген сенімін бейнеледі.