Әйелдер қанаты психологиялық қызметті дамытуға қолдау көрсетеді
Достық үйінде өткен «Психология NEXT» өңірлік конгресінде психологтар жасанды интеллект дәуіріндегі психикалық денсаулық пен қоғамның психологиялық саулығына қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Бүгін «Достық» үйінде «AMANAT» партиясы облыстықө филиалының Әйелдер қанаты «Психология NEXT: жасанды интеллект дәуіріндегі адам психикасы» атты өңірлік психологтар конгресі өтті.
▶️ Әйелдер қанаты қызметінің маңызды бағыттарының бірі – психологиялық қызмет институтын дамытуға жәрдемдесу, отбасы құндылықтарын нығайту және қоғамның психологиялық саулығын арттыру. Осы мақсатта ұйымдастырылған конгресс психолог мамандардың тәжірибе алмасуына және өзекті мәселелерді талқылауына мүмкіндік берді.
▶️ Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Айжан Есмағамбетова, «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов, жоғары оқу орындарының ғалымдары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, денсаулық сақтау және құқық қорғау саласының мамандары қатысты.
▶️ Пленарлық отырыста Шығыс Еуропа елдері бойынша Дүниежүзілік психиатриялық қауымдастықтың өкілі Негай Николай Анатольевич және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығының психологиялық зертхана меңгерушісі Жұлдызай Мұратбекқызы Алиева баяндама жасап, психикалық денсаулықты нығайтудың заманауи тәсілдері мен саланың даму бағыттары туралы ой бөлісті.
▶️ Сондай-ақ конгресс аясында «Балалар мен жастар психологиясы: жаңа сын-қатерлер», «Отбасы психологиясы және қоғам тұрақтылығы», «Эмоционалды саулық – ұлттық даму алғышарты» тақырыптарындағы үш панельдік сессия өтіп, қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді талқылады.
▶️ Конгресс аясында балалар мен жастар психологиясы, отбасы психологиясы, эмоционалдық саулық және қоғам тұрақтылығы мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жасанды интеллект дәуіріндегі психологиялық сын-қатерлер, жастардың психикалық денсаулығы, ұлттық психология және эмоционалдық иммунитет тақырыптарында баяндамалар жасалды.
▶️ Конгресс соңында бірқатар психология саласының мамандарына партияның Алғыс хаттары табысталды.













