Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Өндірістегі әйел және гендерлік... 8 мамыр, 2026 Жамбыл облысы

Әйелдер қанатының белсенділігі және өндіріс орнындағы кездесу

«AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының жетекшісі Айман Әшімова Шу ауданында белсенді әйелдермен және локомотив депосының қызметкерлерімен кездесіп, әйелдердің құқықтарын қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту және отбасы қауіпсіздігі мәселелерін талқылады.

Әйелдер қанатының белсенділігі және өндіріс орнындағы кездесу

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының жетекшісі Айман Әшімова Шу ауданына жұмыс сапары аясында ауқымды кездесулер өткізді. Аудандық Әйелдер қанатының белсенділерімен бас қосуда, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарларын пысықтады. Көшбасшылықты дамыту, әйелдердің кәсіби тұрғыда өсуіне және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуына жағдай жасау мәселері туралы ашық пікір алмасылды.  Келесі кездесу Шу локомотив пайдалану депосында өтті. Өндіріс орнында еңбек етіп жүрген нәзік жандылармен жүздесу барысында Айман Сериковна Әйелдер қанатының негізгі бағыттарын таныстырып,  маңызды мәселелерді талқылады: теміржол саласындағы әйелдердің еңбек жағдайларын жақсарту, олардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық өзгерістер жөніндегі маңызды мәселелерді талқылады. Депо қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға, атап айтқанда әлеуметтік көмек, көп балалы аналарды қолдау және білім беру саласындағы жеңілдіктер туралы сауалдарға тұщымды жауап берілді.

6a1d39339b91c.jpg
6a1d3933afcac.jpg
6a1d3932d28d8.jpg

 

 

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 тамыз, 2026

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

7 тамыз, 2026

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

3 маусым, 2026

«Ананың амандығы – баланың бақыты: балаға сапалы уақыт арнаудың сыры» тақырыбында тәжірибе алмасу сағаты өтілді.

03.06.2026 күні отбасы құндылығын дәріптеу, ана мен бала амандығын сақтау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жа...

8 мамыр, 2026

«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: САНАЛЫ ҚОЛДАНУ МӘДЕНИЕТІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Белсе...

12 ақпан, 2026

Облыстық «Ana serpini» әлеуметтік жобасы Жаңаөзенде басталды.

Мақсаты – әйелдер мен аналардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, олардың бизнес бастамаларын қолдау, жаңа идеялар...

22 мамыр, 2026

«AMANAT» партиясының әйелдер қанаты She Impact Kazakhstan жобасына қатысты

«AMANAT» партиясы әйелдер қанатының өкілдері әйелдер және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, заманауи технолог...