«AMANAT» партиясының әйелдер қанаты She Impact Kazakhstan жобасына қатысты
«AMANAT» партиясы әйелдер қанатының өкілдері әйелдер және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, заманауи технологияларды, жасанды интеллектті және инклюзивті тәсілдерді енгізуге бағытталған She Impact Kazakhstan республикалық білім беру жобасына қатысты.
«AMANAT» партиясы әйелдер қанатының өкілдері әйелдер және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, заманауи технологияларды, жасанды интеллектті, зияткерлік меншікті және инклюзивті тәсілдерді енгізуге бағытталған She Impact Kazakhstan республикалық білім беру жобасына қатысты.
Жоба тәжірибе алмасуға, білім алуға, жаңа идеяларды талқылауға және бизнес пен әлеуметтік бастамаларда өзін жүзеге асыруға ұмтылатын әйелдерді қолдауға арналған маңызды алаңға айналды. Іс-шара барысында цифрландыру, кәсіпкерлікте жасанды интеллектті қолдану және қоғамның инклюзивті дамуына мүмкіндік жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осындай жобаларға қатысу әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, әлеуметтік жауапкершілікті нығайтуға және Қазақстанның белсенді әрі бастамашыл әйелдерінің заманауи қауымдастығын қалыптастыруға ықпал етеді.