Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдер зорлық-зомбылыққа қарсы 11 желтоқсан, 2025 Ақтөбе облысы

Жұбанов университетінде онлайн-қорлауға қарсы шаралар талқыланды

Жұбанов университетінде онлайн-қорлауға қарсы шаралар талқыланды

Ақтөбе облыстық мәслихатындағы «AMANAT» фракциясының жетекшісі, партияның Әйелдер қанатының мүшесі Күлпаршын Айдарханова Қ.Жұбанов университетінің тарих және география пәні мұғалімдерімен кездесіп, цифрлық зорлық-зомбылықтың қауіптері туралы айтты.

Кездесу «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» халықаралық кампаниясы аясында ұйымдастырылды. Күлпаршын Айдарханова әлем бойынша миллиондаған әйел әлі күнге дейін физикалық, психологиялық және экономикалық қысым көретінін, ал соңғы жылдары интернет кеңістігінде тараған цифрлық зорлық-зомбылықтың бұл мәселеге қосымша қауіп тудырып отырғанын атап өтті.

Фракция жетекшісі халықаралық зерттеулерге сүйене отырып, әйелдердің 85 пайызы онлайн-агрессияға тап болғанын, ал 15–24 жас аралығындағы қыздардың әрбір үшіншісі интернеттегі қорлауды бастан өткергенін жеткізді. Оның айтуынша, цифрлық кеңістіктегі бұл қатер қоғамды бірлескен әрекетке шақырып отыр.

💬Әйелдің қауіпсіздігі – ұлттың қауіпсіздігі екенін түсінуіміз қажет. Әлемде өткізілетін 16 күндік акцияның маңыздылығы – адам құқығын қорғаудың ортақ құндылық екенін еске салу. Біз үшін бұл тек құқықтық мәселе емес, рухани жауапкершілік. Әр әйелдің, әр баланың қауіпсіздігі – бүкіл қоғамның міндеті. «AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанаты да осы мәселеге ерекше назар аударып отыр, — деді Күлпаршын Айдарханова.
 

Кездесуде ұстаздарға балаларды, соның ішінде қыздарды онлайн-ортадағы қысымнан қорғау жолдары түсіндірілді. Сондай-ақ студенттерге жеке кеңістікті тануға үйретудің, өздеріне жайсыздық тудыратын жағдайларды ашық айтатындай сенімді орта қалыптастырудың маңызы атап өтілді.

Тегтер
Әйелдер зорлық-зомбылыққа қарсы Психологиялық қызмет институтының жұмыс істеуіне жәрдемдесу Қоғамда цифрлық теңдікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 тамыз, 2026

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

7 тамыз, 2026

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

11 сәуір, 2026

Ұлы ғалымның мұрасы мәңгілікке қалды!

21 сәуір, 2026

Хромтауда әйелдер кәсіпкерлігінің даму үрдісі қандай?

Жақында Хромтау ауданында жұмыс сапарымен болды. Мен үшін мұндай сапарлар адамдарды тікелей тыңдауға, нақты сұ...

3 маусым, 2026

«Ананың амандығы – баланың бақыты: балаға сапалы уақыт арнаудың сыры» тақырыбында тәжірибе алмасу сағаты өтілді.

03.06.2026 күні отбасы құндылығын дәріптеу, ана мен бала амандығын сақтау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жа...

8 мамыр, 2026

«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: САНАЛЫ ҚОЛДАНУ МӘДЕНИЕТІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Белсе...