Главная История Структура женского крыла Новости Контакты
Казахский | Русский
Регистрация
Новости 1 июня, 2026 г.Шымкент

AMANAT: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

«AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, Әйелдер қанатының белсенді мүшесі Айжан Наимбекова азаматтарды жеке қабылдады.

AMANAT: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында  қалалық мәслихат депутаты, Әйелдер қанатының белсенді мүшесі Айжан Наимбекова  тұрғындардың арыз-өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдау барысында азаматтар тұрғын үй, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым және коммуналдық қызметтерге қатысты өзекті мәселелерін көтерді. Тұрғындар баспана алу, әлеуметтік көмек рәсімдеу, инженерлік желілер мен абаттандыру жұмыстарына қатысты сауалдарын қойып, құқықтық кеңес алды. Кездесу барысында Айжан Наимбекова әрбір өтінішті жеке қарап, көтерілген мәселелердің мән-жайымен танысты. Жауапты мекемелермен байланыс орнатылып, бірқатар мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданды. Кейбір түйткілдер қабылдау барысында оң шешімін тапса, қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер арнайы хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды. Депутаттың айтуынша, қоғамдық қабылдаулар тұрғындардың мәселесін тікелей тыңдап, оларды шешуге ықпал етудің тиімді тетіктерінің бірі болып табылады. «Әрбір азаматтың өтініші мен ұсынысы назардан тыс қалмайды. Тұрғындарды толғандырған мәселелерді заң аясында шешу және тиісті мекемелермен бірлесіп нақты нәтиже шығару – біздің басты міндетіміз. Сондықтан әрбір қабылдауда көтерілген мәселелердің орындалуына ерекше мән береміз», – деді Айжан Наимбекова. Қабылдау барысында тұрғындарға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көтерілген мәселелер бойынша қажетті бағыт-бағдар берілді. Сонымен қатар жауапты мекемелерге тиісті ұсыныстар жолданып, азаматтардың өтініштерінің орындалуы бақылауға алынатыны айтылды.

Ещё новости

Смотреть все
23 июня, 2026

Жаңа бастамалар мен нақты істер алаңы

Сарысу ауданында өткен Әйелдер қанатының отырысында әйелдердің көшбасшылығын дамыту, қоғамдық белсенділігін ар...

16 июня, 2026

«Айша бибі» көшбасшылық мектебінде кезекті семинар өтті

Өңірлік «Айша бибі» көшбасшылық мектебінің семинарында белсенді әйелдер көшбасшылық, командамен жұмыс, көпшілі...

26 мая, 2026

Әйелдер қанаты: тұрғындар мәселесіне қолдау

1 июня, 2026

БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАУ — БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ МІНДЕТ

1 маусым қарсаңында Шымкент қалалық мәслихат депутаты, Әйелдер қанатының белсенді мүшесі Айжан Наимбекова ерек...

12 июня, 2026

«AMANAT» партиясы «Әділет» партиясына қосылу туралы шешім қабылдады

«AMANAT» партиясы «Әділет» партиясына қосылу туралы шешім қабылдады Бүгін Астанада «AMANAT» партиясының кез...

11 июня, 2026

В Алматы обсудили развитие инклюзивного образования

В Алматинском городском филиале партии «AMANAT» состоялась диалоговая площадка. Эксперты обсудили раннюю диагн...