Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Инклюзия қоғамының дамуына жәрде... 29 қаңтар, 2026 Ақтөбе облысы

Абай мұрасын ардақтаған ғалым: Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығына арналған республикалық семинар

Абай мұрасын ардақтаған ғалым: Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығына арналған республикалық семинар

Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының қолдауымен ұйымдастырылған «Абайға арналған ғұмыр» атты республикалық семинар ұлт руханиятына адал қызмет етудің мәнін тереңнен тарқатқан тағылымды ғылыми алаңға айналды.

Шараға Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің, «BILIM QAZINA» мемлекеттік мекемесінің, «Өрлеу» филиалдарының өкілдері, сондай-ақ, №45 жалпы білім беретін орта мектептің педагогикалық ұжымы, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары, Астана қаласы, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарынан техникалық-кәсіптік, жалпы және бастауыш білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.

Семинар жұмысына Қайымтану ғылымының шырақшысы, ғалым мұрасын ұлт игілігіне айналдыру ісін жүйелі түрде жалғастырып келе жатқан ұрпақ өкілі — «Қ. Мұхамедханов атындағы Білім және мәдениет орталығы» қоғамдық қорының директоры, профессор, PhD докторы Дина Мұхамедхан қатысып, Қайым Мұхамедхановтың ғылыми мұрасын сақтаудағы сабақтастық, архивтік деректердің құндылығы мен абайтанудағы зерттеу мәдениетінің маңызы жөнінде мазмұнды ойларымен бөлісті.

Пікір алмасулар барысында Қайым Мұхамедхановтың абайтану мен алаштану ғылымындағы айрықша орны, Абай мұрасын қорғаудағы тарихи миссиясы, ұлттық сананы сақтаудағы ғылыми еңбегінің маңызы кеңінен талданды. Бұл ғылыми диалог Қайымтану мәселелеріне жаңа көзқарас қалыптастырып, зерттеу бағыттарын тереңдетуге жол ашты.

Семинар алаңы отандық ғалымдар, тәжірибелі ұстаздар мен жас зерттеушілерді тоғыстырып, Абай мұрасын терең тануға және Қайым Мұхамедхановтың ғылыми-шығармашылық мұрасын заманауи тұрғыда зерделеуге мүмкіндік берді. Шара аясында ғалым мұрағатынан алынған құнды жәдігерлер көрмесі ұсынылып, ғылыми ізденістің тың бағыттары айқындалды.

Барлық спикерлер мен қатысушыларға ынтымақтастықтары үшін алғыс білдіреміз.

 

@shilibekova
@aqtobe_bilim_basqarmasy @k.bulbul78 @aqtobe_women_amanat @aktobe.sh45 @bilim_qazyna_aqtobe @mukhamedkhandina

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 тамыз, 2026

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

7 тамыз, 2026

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

11 сәуір, 2026

Ұлы ғалымның мұрасы мәңгілікке қалды!

21 сәуір, 2026

Хромтауда әйелдер кәсіпкерлігінің даму үрдісі қандай?

Жақында Хромтау ауданында жұмыс сапарымен болды. Мен үшін мұндай сапарлар адамдарды тікелей тыңдауға, нақты сұ...

15 мамыр, 2026

⚡Алматы қалалық «AMANAT» партиясы филиалының алаңында «ШЕКСІЗ МҮМКІНДІК» жобасы аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 9–11 сынып түлектерін қолдау және әлеуметтендіруге арналған кездесу өтті.

4 мамыр, 2026

«Қабілетке қарай бағыт: ерекше балаларға кәсіп таңдаудың тиімді жолдары» облыстық кездесу

Өңірде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға тең мүмкіндік жасау, олардың сапалы білім алып, қоғамға толы...