Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Инклюзия қоғамының дамуына жәрде... 29 мамыр, 2026 Ақтөбе облысы

Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі: Ахмет Жұбанов мұрасы ғылыми семинарда кеңінен насихатталды.

Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі: Ахмет Жұбанов мұрасы ғылыми семинарда кеңінен насихатталды.

Ақтөбе Жоғары гуманитарлық колледжінде Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалымен бірлескен, “AMANAT” партиясы Әйелдер қанатының қолдауымен «Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы: жеке орындаушылықтан ұлттық симфонияға дейінгі жол» атты республикалық ғылыми семинар ұйымдастырылды.

Ғылыми бағыттағы мазмұнды іс-шараға «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының «Ғылым» бағытының мүшесі Бәдігүл Асанбай қатысып, ұлттық музыка өнерінің ғылыми-танымдық маңызы мен рухани құндылықтарын насихаттауға арналған мазмұнды ой-пікірлерімен бөлісті.

Семинардың негізгі мақсаты – қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, ғалым, композитор әрі дирижер Ахмет Жұбановтың ұлттық мәдениет тарихындағы тарихи рөлін ғылыми тұрғыдан зерделеу, шығармашылық мұрасын насихаттау және ұлттық симфониялық өнердің қалыптасуындағы еңбегін саралау.

Ғылыми семинар барысында музыка саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылар арасында тәжірибе алмасу алаңы қалыптасты. Сондай-ақ Ахмет Жұбановтың қазақ музыка мәдениетінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі жан-жақты талданып, ұлттық өнердің қазіргі даму бағыттары туралы ғылыми пікірлер ортаға салынды.

Ғылыми ынтымақтастық пен кәсіби серіктестікті нығайтуға үлес қосқан әлеуметтік серіктесіміз – Ақтөбе Жоғары гуманитарлық колледжіне алғыс білдіреміз.

@galymzhanalmatov

@aqtobe_bilim_basqarmasy

@k.bulbul78

@zhanara_alisheva @aktobeahgk @aqtobe_women_amanat

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
23 маусым, 2026

Жаңа бастамалар мен нақты істер алаңы

Сарысу ауданында өткен Әйелдер қанатының отырысында әйелдердің көшбасшылығын дамыту, қоғамдық белсенділігін ар...

16 маусым, 2026

«Айша бибі» көшбасшылық мектебінде кезекті семинар өтті

Өңірлік «Айша бибі» көшбасшылық мектебінің семинарында белсенді әйелдер көшбасшылық, командамен жұмыс, көпшілі...

11 сәуір, 2026

Ұлы ғалымның мұрасы мәңгілікке қалды!

21 мамыр, 2026

«Тамыр. Әйел. Дәстүр»

Қайырлы күн, қымбатты достар! @Jip.spaceaqtobe жобасы аясында «Тамыр. Әйел. Дәстүр» ерекше кездесу өтті.

15 мамыр, 2026

⚡Алматы қалалық «AMANAT» партиясы филиалының алаңында «ШЕКСІЗ МҮМКІНДІК» жобасы аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 9–11 сынып түлектерін қолдау және әлеуметтендіруге арналған кездесу өтті.

4 мамыр, 2026

«Қабілетке қарай бағыт: ерекше балаларға кәсіп таңдаудың тиімді жолдары» облыстық кездесу

Өңірде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға тең мүмкіндік жасау, олардың сапалы білім алып, қоғамға толы...