Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Инклюзия қоғамының дамуына жәрде... 1 маусым, 2026 Ақтөбе облысы

Ақтөбеде әлеуметтік кәсіпкерлік пен инклюзивті қоғамды дамыту мәселелері талқыланды

Ақтөбеде әлеуметтік кәсіпкерлік пен инклюзивті қоғамды дамыту мәселелері талқыланды

Бүгін «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының «Инклюзивті қоғамды дамытуға ықпал жасау» бағыты бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Жиынға Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының вице-президенті Асхат Ахмадиев, қалалық мәслихат төрағасы, жұмыс тобының жетекшісі Анар Даржанова, партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Әсел Сарманова және өңірдегі әлеуметтік кәсіпкерлер қатысты.

Кездесу барысында әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау, инклюзивті қоғам қалыптастыру және саладағы өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерліктің қоғамдағы әлеуметтік түйткілдерді шешудегі маңызына тоқталып, мемлекеттік қолдау тетіктері мен жаңа бастамалар жөнінде пікір алмасты.

Жиында сөз алған Асхат Ахмадиев Ақтөбе облысында әлеуметтік кәсіпкерлік бағытының белсенді дамып келе жатқанын атап өтіп, өңір кәсіпкерлерінің бастамаларына жоғары баға берді.

Өз кезегінде Анар Даржанова әлеуметтік кәсіпкерлермен ашық диалог орнатудың маңыздылығын айтып, мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға және ортақ мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік беретінін жеткізді.

Ал Әсел Сарманова жиында талқыланған әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға қатысты заңнамалық бастамалар мен мемлекеттік қолдау тетіктері қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, өңірде инклюзивті қоғам қалыптастыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

 

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 тамыз, 2026

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

7 тамыз, 2026

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

11 сәуір, 2026

Ұлы ғалымның мұрасы мәңгілікке қалды!

21 сәуір, 2026

Хромтауда әйелдер кәсіпкерлігінің даму үрдісі қандай?

Жақында Хромтау ауданында жұмыс сапарымен болды. Мен үшін мұндай сапарлар адамдарды тікелей тыңдауға, нақты сұ...

15 мамыр, 2026

⚡Алматы қалалық «AMANAT» партиясы филиалының алаңында «ШЕКСІЗ МҮМКІНДІК» жобасы аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 9–11 сынып түлектерін қолдау және әлеуметтендіруге арналған кездесу өтті.

4 мамыр, 2026

«Қабілетке қарай бағыт: ерекше балаларға кәсіп таңдаудың тиімді жолдары» облыстық кездесу

Өңірде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға тең мүмкіндік жасау, олардың сапалы білім алып, қоғамға толы...