AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының Әйелдер қанатының бастамасымен, Азаматтық орталық және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп азаматтардың берешегін сотқа дейін реттеу және қарыз жүктемесін азайту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.
AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының Әйелдер қанатының бастамасымен, Азаматтық орталық және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп азаматтардың берешегін сотқа дейін реттеу және қарыз жүктемесін азайту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді. 👥 Іс-шараға Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, жергілікті өкілді органдардың өкілдері, мемлекеттік органдар, қаржы секторы, бизнес-қоғамдастық, омбудсмен институты, медиаторлар қатысты.
AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының Әйелдер қанатының бастамасымен, Азаматтық орталық және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп азаматтардың берешегін сотқа дейін реттеу және қарыз жүктемесін азайту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.
👥 Іс-шараға Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, жергілікті өкілді органдардың өкілдері, мемлекеттік органдар, қаржы секторы, бизнес-қоғамдастық, омбудсмен институты, медиаторлар қатысты.
📊 «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Әйелдер қанаты тұрақты түрде азаматтарды қабылдап, кешенді көмек көрсетіп келеді. Атап айтқанда:
• азаматтарға консультациялар беріледі
• банктермен келіссөздер жүргізуге сүйемелдеу көрсетіледі
• мемлекеттік органдарға өтініштер дайындалады
• медиативтік келісімдер жасалады
• қарыздарды қайта құрылымдау бойынша ұсыныстар беріледі
💬 Дөңгелек үстелде қатысушылар сотқа дейінгі реттеу тетіктерінің тиімділігін, азаматтар, банктер және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ қарыз жүктемесінің әлеуметтік тұрақтылыққа әсерін талқылады.