Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Инклюзия қоғамының дамуына жәрде... 6 ақпан, 2026 Ақтөбе облысы

«AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанаты: ғылымдағы әйелдер әлеуеті

«AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанаты: ғылымдағы әйелдер әлеуеті

Ғылымдағы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған мазмұнды диалог алаңы бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының қолдауымен өтті. Партияның әйелдер ғылымын қолдау бағыты аясында ұйымдастырылған кеңес әйелдердің зияткерлік әлеуетін ашу, кәсіби дамуына жаңа серпін беру және өңірлік ғылымға белсенді араласуына жол ашатын маңызды мәселелерге арналды.

Кеңес жұмысына «AMANAT» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Сарманова А.С., әйелдер ғылымын қолдау бағытының жетекшісі Абишева Н.М., білім басқармасының басшысы Кузембаева Б.Б., облыстық мәслихат депутаты Кожабекова Ж.К., Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Байлиева Р.О., сондай-ақ Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің және Алматы, Астана жоғары оқу орындарының ғалымдары мен білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Жиын барысында әйел-ғалымдарды мемлекеттік және қоғамдық қолдау, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту, ғылыми бастамаларды сүйемелдеудің институционалдық тетіктерін дамыту, ғылым, білім және әлеуметтік саясаттың өзара ықпалдастығы мәселелері қозғалды. Сонымен қатар әйелдердің өзін-өзі жүзеге асыруына қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру, психологиялық қолдау көрсету, ғылым мен қоғамдық өмірдегі табысты тәжірибелер мен рөлдік үлгілерді ілгерілетуге ерекше назар аударылды.

Басқосу нәтижесінде өңірдегі әйелдердің ғылыми бастамаларын қолдауға бағытталған нақты қадамдар айқындалып, бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруға негіз қаланды. Бұл бастамалар Ақтөбе облысының зияткерлік дамуына серпін беріп қана қоймай, ғылымдағы әйелдердің даусын айқынырақ естіртуге жол ашады.

@shilibekova
@aqtobe_bilim_basqarmasy @k.bulbul78 @aqtobe_women_amanat
 

Тегтер
Инклюзия қоғамының дамуына жәрдемдесу Ғылымдағы әйелдерді қолдау

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 тамыз, 2026

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

7 тамыз, 2026

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

11 сәуір, 2026

Ұлы ғалымның мұрасы мәңгілікке қалды!

21 сәуір, 2026

Хромтауда әйелдер кәсіпкерлігінің даму үрдісі қандай?

Жақында Хромтау ауданында жұмыс сапарымен болды. Мен үшін мұндай сапарлар адамдарды тікелей тыңдауға, нақты сұ...

15 мамыр, 2026

⚡Алматы қалалық «AMANAT» партиясы филиалының алаңында «ШЕКСІЗ МҮМКІНДІК» жобасы аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 9–11 сынып түлектерін қолдау және әлеуметтендіруге арналған кездесу өтті.

4 мамыр, 2026

«Қабілетке қарай бағыт: ерекше балаларға кәсіп таңдаудың тиімді жолдары» облыстық кездесу

Өңірде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға тең мүмкіндік жасау, олардың сапалы білім алып, қоғамға толы...