«AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанаты: STEM және гуманитарлық ғылымдардағы пәнаралық зерттеудің маңызы
Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының жоспарына сәйкес Ақтөбе Жоғары гуманитарлық колледжінде “STEM және гуманитарлық ғылымдардағы пәнаралық зерттеудің маңызы” атты ғылыми дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шарада қатысушылар STEM және гуманитарлық пәндер арасындағы пәнаралық байланысты дамытуға, бірлескен зерттеулер жүргізу жолдарын қарастыруға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Қатысушылар жаңа ғылыми әдістерді талқылап, әр саланың мүмкіндіктерін бір-бірімен ұштастыру арқылы білім беру процесін тиімді ету жолдарын іздеді.
Ақтөбе және Алматы қалаларының білім беру саласының мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, нақты мысалдар арқылы пәнаралық зерттеудің практикалық артықшылықтарын көрсетті. Сонымен қатар, Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалының аға оқытушылары А. Изтлеуова мен Қ. Шәймерден инновациялық әдістер мен бірлескен жобалардың жүзеге асу жолдары туралы ойларын ортаға салды.
Іс-шара барысында пікір алмасу мен тәжірибе бөлісу белсенді жүріп, қатысушылар STEM және гуманитарлық ғылымдардағы зерттеулерді дамытудағы өзара ынтымақтастықтың маңызын ерекше атап өтті.
Ақтөбе Жоғары гуманитарлық колледжінің басшылығына және ұжымына ынтымақтастығы үшін алғысымызды білдіреміз.
@shilibekova
@aqtobe_bilim_basqarmasy @k.bulbul78 @aqtobe_women_amanat @zhanara_alisheva @alt_agtk_aktobe