Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Өндірістегі әйел және гендерлік... 10 сәуір, 2026 Қостанай облысы

«ҒАЛЫМ TALKS: ҒЫЛЫМНАН БИЗНЕСКЕ»

Состоялась экспертная сессия «Ғылым Talks: от науки к бизнесу», организованная Женским крылом партии AMANAT совместно с КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы. Площадка стала пространством, где академические знания трансформируются в конкретные бизнес-решения и прикладные технологии. В центре внимания участников оказалась коммерциализация научных идей: от выставки инновационных стартапов до презентации успешных кейсов, которые уже внедрены в реальное производство. Особый акцент был сделан на развитии женского предпринимательства в науке и создании эффективной экосистемы взаимодействия между вузами и рынком.

«ҒАЛЫМ TALKS: ҒЫЛЫМНАН БИЗНЕСКЕ»


Қостанайда «AMANAT» партиясының қолдауымен өткен «Ғылым Talks» алаңы академиктер мен бизнес өкілдерін бір үстел басына жинады. Бұл жай ғана кездесу емес, ғылыми жобаларды нақты табыс көзіне айналдырудың жолын іздеген ашық диалог болды.
Іс-шара инновациялық жобалар көрмесінен басталды. Мұнда құрғақ теория емес, ертең-ақ бизнеске енгізуге болатын дайын шешімдер ұсынылды. Кездесу барысында ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру экожүйесін дамыту және ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиын барысында әйелдер кәсіпкерлігі мен ғылымын дамытуға бағытталған бастамалар таныстырылды. 2024 жылы Гүлмира Дамбаулова «Tomiris» бағдарламасының қатысушысы атанып, сондай-ақ партияның Әйелдер қанатын құруға қатысты.
Ол – облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚРУ профессоры және өңірлік «Smart-орталықтың» жетекшісі.
Облыс әкімдігі мен Astana Hub қолдауымен жүзеге асқан «ÄYEL AMANATY» жобасы аясында 500-ден астам әйелдің қатысуымен 30-дан астам іс-шара өткізілді. Жоба стартаптарды дамытуға және ғылыми идеяларды коммерцияландыруға бағытталған.
Жоба іске асқан уақыт ішінде 2 стартап енгізіліп, 5 жұмыс орны құрылды, 8 млн теңгеден астам инвестиция тартылды. Сонымен қатар агротехнологиялар мен мал шаруашылығын цифрландыру салаларындағы ғылыми жобалар қолдау тапты.
Кездесудің ең жарқын сәттерінің бірі — қауымдастырылған профессор Әсия Аңсабаеваның келтірілген мысалдары. Ол әлемдік QS рейтингіне кіретін Қытайдың Солтүстік-батыс университетімен орнатылған байланыс пен профессор Вейсин Шанмен бірлескен зерттеулері туралы баяндады. Ең маңыздысы, бұл ғылыми жұмыстар кабинетте қалып қоймай, қазірдің өзінде Қостанай облысындағы «Зуевка» және Ақмола облысындағы «Новорыбинское» секілді ірі шаруашылықтардың өндірістік процесіне сәтті енгізіліп, нақты нәтиже беріп отыр.
Жалпы, бүгінде Қостанай облысы тек ірі аграрлық-индустриялық аймақ қана емес, сонымен қатар заманауи қолданбалы ғылымның орталығына айналып келеді. Өңірде ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу процесі белсенді дамуда: бұған жергілікті ғалымдардың картоп селекциясы мен астық шығымдылығын арттырудағы жаңа технологиялары, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі коллаборациялар дәлел. Осы тектес «Ғалым Talks» алаңдары ғылыми әлеуетті экономикалық нәтижеге айналдырып, өңірдегі инновациялық кәсіпкерлікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Ғалым өз сөзінде ғылымның рөліне ерекше тоқталды:
«Бүгінде ғылым — аграрлық сектордың басты драйвері. Ол ауыл шаруашылығының тиімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін инновацияларды енгізуге мүмкіндік береді. Біздің зерттеулеріміз климаттық тәуекелдерді азайтуға және ресурстарды оңтайландыруға көмектеседі, бұл сайып келгенде елдің азық-түлік қауіпсіздігінің негізі болып табылады», — деді Әсия Аңсабаева.
Қазіргі таңда оның бастамасымен өңірде картоп селекциясы мен оны өсірудің жаңа технологияларын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Панельдік пікірталас барысында «Allur» компаниялар тобы Корпоративтік университетінің басшысы Людмила Олкинян мен «BESTkz» білім және туризм орталығының директоры Гүлмира Қапенова ғылым мен өндіріс арасындағы байланыстың өзекті мәселелерін қозғады. Спикерлер инновациялық жобаларды нарыққа шығаруда кездесетін әкімшілік кедергілер мен жүйелік мәселелерді талқылап, университет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды күшейту бойынша нақты ұсыныстар айтты.
«Smart-орталық» жетекшісі Гүлмира Дамбаулованың айтуынша, өңірдегі ғылыми экожүйені дамыту үшін мұндай диалог алаңдары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. «Galym Talks» форматы ғалымдарға өз идеяларын сатуды үйретсе, бизнеске — жаңа технологиялық мүмкіндіктерді көрсетеді. Кездесу соңында жас ғалымдар мен докторанттар үшін арнайы видеороликтер көрсетіліп, алдағы жобалар бойынша жаңа серіктестік байланыстар орнатылды. Кездесуді «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалының төрағасы Алмат Досмұхамедов қорытындылап, ең белсенді ғалымдарды марапаттады.
«Мемлекет басшысы ғылымды экономиканың нақты секторларымен ұштастыру міндетін қойып отыр. Бүгінгі «Ғалым Talks» алаңы — осы бағыттағы маңызды қадам. Біздің мақсатымыз — ғалымдардың әлеуетін бизнес сұраныстарымен тиімді байланыстыру. Партия алдағы уақытта да инновациялық бастамаларды қолдап, ғылыми жобаларды ілгерілетуге жан-жақты жағдай жасай береді», — деді Алмат Досмұхамедов.

Тегтер
Өндірістегі әйел және гендерлік бюджеттендіру Ғылымдағы әйелдерді қолдау Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
23 маусым, 2026

Жаңа бастамалар мен нақты істер алаңы

Сарысу ауданында өткен Әйелдер қанатының отырысында әйелдердің көшбасшылығын дамыту, қоғамдық белсенділігін ар...

16 маусым, 2026

«Айша бибі» көшбасшылық мектебінде кезекті семинар өтті

Өңірлік «Айша бибі» көшбасшылық мектебінің семинарында белсенді әйелдер көшбасшылық, командамен жұмыс, көпшілі...

23 қаңтар, 2026

«Таңшолпан»: Қостанай облысында әйелдердің саяси көшбасшылығын дамытудың жаңа кезеңі

Теориялық бөлімнен кейін қатысушылар тәжірибелік сабақтарға көшіп, дебаттық сессияларға қатысты. Бес командаға...

17 сәуір, 2026

«Таңшолпан: әйелдер кадрлық резерві – нәтижелері мен перспективалары»

11 сәуір, 2026

Ұлы ғалымның мұрасы мәңгілікке қалды!

22 мамыр, 2026

«AMANAT» партиясының әйелдер қанаты She Impact Kazakhstan жобасына қатысты

«AMANAT» партиясы әйелдер қанатының өкілдері әйелдер және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, заманауи технолог...