Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қ... 23 мамыр, 2026 Қарағанды облысы

Қарағандының жасыл болашағын бірге қалыптастырамыз

«AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық акцияға қатысты. Қарағандыдағы болашақ экопарк аумағына тағы мың түп ағаш отырғызылды.

Қарағандының жасыл болашағын бірге қалыптастырамыз

Бүгін «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен ауқымды экологиялық акцияға қатысты.

Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс бөлігі мен Көгілдір тоғандар шағынауданының арасындағы болашақ экопарк аумағына тағы мың түп ағаш отырғызылды.

Осындай бастамалардың көптеген адамды біріктіретіні ерекше қуантады. Акцияға депутаттар, белсенділер, еріктілер, жастар және қалаға бейжай қарамайтын тұрғындар қатысты. Барлығы бірге қала үшін маңызды әрі пайдалы іске атсалысқанда, бірлік пен командалық жұмыстың күші анық сезіледі.

Біз үшін бұл жай ғана ағаш отырғызу емес. Бұл — қаламыздың болашағына, экологиясына, тұрғындардың жайлылығы мен өмір сапасына қосылған маңызды үлес.

«AMANAT» партиясы тағы бір мәрте өз командасының ауқымды, ұйымшыл әрі нақты істерге дайын екенін көрсетті. Біз маңызды бастамаларды сөзбен ғана емес, нақты әрекетпен қолдауды жалғастырамыз.

Мұндай игі шаралар — барлығымыз үшін таза, жасыл әрі жайлы болашаққа жасалған қадам.

Тегтер
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қолдау және заң жобаларының гендерлік сараптамасын ұйымдастыру Қоғамда цифрлық теңдікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
23 маусым, 2026

Жаңа бастамалар мен нақты істер алаңы

Сарысу ауданында өткен Әйелдер қанатының отырысында әйелдердің көшбасшылығын дамыту, қоғамдық белсенділігін ар...

16 маусым, 2026

«Айша бибі» көшбасшылық мектебінде кезекті семинар өтті

Өңірлік «Айша бибі» көшбасшылық мектебінің семинарында белсенді әйелдер көшбасшылық, командамен жұмыс, көпшілі...

22 мамыр, 2026

«AMANAT» партиясының әйелдер қанаты She Impact Kazakhstan жобасына қатысты

«AMANAT» партиясы әйелдер қанатының өкілдері әйелдер және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, заманауи технолог...

24 мамыр, 2026

Болашақ көшбасшылығы: цифрландыру, жасанды интеллект және жаңа мүмкіндіктер

Nazarbayev University қабырғасында EMBA бағдарламасы аясында «Көшбасшылық 5.0: корпоративтік басқарудағы цифрл...

8 мамыр, 2026

«ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: САНАЛЫ ҚОЛДАНУ МӘДЕНИЕТІ»

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Белсе...

6 мамыр, 2026

Әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру – басты назарда

"AMANAT" партиясының «Әйелдер аманаты» жобасы аясында Түлкібас ауданында белсенді әйелдермен мазмұнды кездесу...