AMANAT:АУЫЛЫМ - АЛТЫН БЕСІГІМ
«AMANAT» партиясының "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында "Тереңөзек" бастауыш партия ұйымының және партия филиалы жанындағы әйелдер қанатының ұйымдастыруымен қолөнер шебері Әлайдарова Айдана Әлайдарқызының “Ауылым – алтын бесігім” атты шығармашылық көрме ұйымдастырылды.
"AMANAT" партиясының "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында "Тереңөзек" бастауыш партия ұйымының және партия филиалы жанындағы әйелдер қанатының ұйымдастыруымен қолөнер шебері Әлайдарова Айдана Әлайдарқызының “Ауылым – алтын бесігім” атты шығармашылық көрме ұйымдастырылды.
Шара барысында шебердің ұлттық нақышта, киізден жасалған көркем туындылары – қазақы ою-өрнекпен безендірілген киім үлгілері, сәндік панно-картиналары және қолөнер бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды.
Көрмеге ҚР Суретшілер одағының мүшесі Жәнібек Маханбет, ҚР Қолөнершілер одағының мүшесі Нұрсұлу Ажарова және технолог мамандар мен қолөнерге бейім оқушылар қатысып, ұсынылған жұмыстармен танысты.
Шығармашылық көрмеде Айдана Әлайдарқызы киізді өңдеу тәсілдерімен бөлісіп, ою-өрнектің мағынасы мен жасалу ерекшеліктерін түсіндірді. Қатысушылар шебердің бағыт-бағдары арқылы ұлттық өнердің қыр-сырына қанықты.
Шара соңында Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қалдыбаева Анар Сраждинқызы және аудандық музей меңгерушісі Қуандықова Салтанат Нұрмағанбетқызы қолөнер саласын дамытуға және мәдени шаралардың мазмұнын байытуға қосқан еңбегі үшін Алғыс хат табыстап, құрмет көрсетті.
Тағылымы мол шара қонақтарға ерекше әсер сыйлап, ұлттық өнерді ұлықтаған мазмұнды кездесу көпшілік көңілінен шықты.