Ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді
Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері күніне орай «AMANAT» партиясы Қарағанды облысында сала мамандарына арналған мерекелік іс-шара өткізді.
Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері күніне орай «AMANAT» партиясы Қарағанды облысында ауқымды әрі ерекше жылы атмосферадағы мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара өңір мен елдің дамуына өз еңбегімен үлес қосып жүрген еңбек адамдарына көрсетілген құрметтің айқын көрінісіне айналды.
Мереке барысында сала қызметкерлеріне медальдар, алғыс хаттар, грамоталар мен естелік сыйлықтар табысталып, шынайы ризашылық сөздері айтылды. Қонақтарға арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды.
Еңбек адамдары қоғамда әрқашан ерекше құрметке ие. Бұл іс-шара арқылы олардың еңбегіне деген алғыс тағы бір мәрте білдірілді. Ұйымдастырушылар әр қонаққа ерекше көңіл бөліп, мерекелік кештің жоғары деңгейде өтуіне барлық жағдай жасады.
Қарағанды облысының түкпір-түкпірінен келген қонақтардың жүзінен қуаныш пен көтеріңкі көңіл күйді көруге болды.
Әсіресе әйелдерге алғыс хат табыстау сәті ерекше әсерлі өтті. Әйелдер қанатының жетекшісі ретінде еңбекқор, өз ісінің маманы болған әйелдерді құттықтау үлкен мәртебе болды. Бұл — еңбегімен құрметке лайық жандар.