"ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ – РАМАЗАН ШУАҒЫ" ФОРУМЫ
19 наурыз күні Қарасу ауылдық округі әкімдігі мен "Amanat" партиясы Сайрам аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Әйелдер қанаты – Рамазан шуағы» атты тағылымды форум өтті.
Рухани мазмұнға толы шара барысында ауызашар дастарханы жайылып, жиналған көпшілікке құрмет көрсетілді.
Форумға Қарасу ауылдық округінің белсенді іскер әйелдері, көпке үлгі болып жүрген ақ жаулықты әжелер қатысып, арнайы марапат төрінен көрінді.
Шара басталар алдында кәсіпкер әйелдердің қолөнер, тағам және кәсіп өнімдерінен құралған көрмесі таныстырылды. Көрмені аудандық Әйелдер қанатының жетекшісі Шынар Қонысбекқызы таныстырып, қатысушыларға әрбір бұйымның ерекшелігін айтып өтті.
Жиынға Сайрам ауданының әкімі Мадияр Мұхтарұлы Оразалиев қатысып, форумның маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар облыстық Amanat партиясы Әйелдер қанатының төрайымы Қалима Жантөреқызы және Түркістан облысы Атамекен Ұлттық кәсіпкерлік палатасының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Төлегенова Салтанат Ходжа-Мамедовна қатысып, сөз сөйлеп, қоғам өміріне белсенді араласып жүрген кәсіпкер әйелдер мен ардақты әжелерге алғыс білдірді. Форум барысында бірқатар азаматшаларға алғыс хаттар мен арнайы марапаттар табысталды.
Шара аясында кәсіпкерлердің демеушілігімен 5 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетіліп, арнайы себеттер табыс етілді. Форум соңында қасиетті Құран оқылып, ел амандығы мен бірлігі үшін бата берілді.
Тағылымды басқосу Рамазан айының берекесі мен мейірімін насихаттаған, әйелдер қауымының қоғамдағы рөлін айқындаған мазмұнды кездесу болды.





