Дағдарыс орталығының әйелдерімен кездесу
Әйелдер қанатының мүшелері Балжан Қожабекқызы мен Гүлнара Жақсылықызы “Отбасы банк” қызметкерлерімен бірлесіп, дағдарыс орталығының әйелдерімен мазмұнды кездесу өткізді.
“AMANAT” партиясы Қызылорда қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының мүшелері Балжан Қожабекқызы мен Гүлнара Жақсылықызы “Отбасы банк” қызметкерлерімен бірлесіп, дағдарыс орталығының әйелдерімен мазмұнды кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдерге қолдау көрсету, олардың әлеуметтік мәселелерін талқылап, құқықтық және қаржылық тұрғыда бағыт-бағдар беру болды.
Жиын барысында тұрғын үй бағдарламаларының тиімді мүмкіндіктері, баспанаға қол жеткізу жолдары, жеңілдетілген несие шарттары, қаржылық сауаттылықты арттыру, отбасы бюджетін тиімді жоспарлау мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, қатысушыларға әлеуметтік көмек түрлері мен құқықтық қолдау мәселелері бойынша жан-жақты кеңестер берілді.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Әйелдер қоғам тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылықтарын білдіріп, осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.
Шара соңында ұйымдастырушылар әйелдерге алдағы уақытта да жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтып, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

