«Таңшолпан»: Қостанай облысында әйелдердің саяси көшбасшылығын дамытудың жаңа кезеңі
Теориялық бөлімнен кейін қатысушылар тәжірибелік сабақтарға көшіп, дебаттық сессияларға қатысты. Бес командаға бөлінген қатысушылар Әйелдер қанатының сарапшыларымен бірлесе отырып өзекті мәселелерді талқылап, өз ұстанымдарын дәлелді түрде қорғауды үйренді.
Қостанай қаласында «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалы Әйелдер қанаты мен Саяси менеджмент академиясының бірлескен «Таңшолпан» оқыту бағдарламасының үшінші кезеңі басталды. Жоба әйелдердің көшбасшылық әлеуетін арттыруға, саяси сауаттылығын күшейтуге және қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына бағытталған.
Бағдарламаның ашылуында «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалы Әйелдер қанатының жетекшісі Гүлсара Жаманқұлова сөз сөйлеп, әйелдердің саясаттағы үлесін арттыру мемлекеттің тұрақты дамуы мен демократиялық институттарды нығайтудың маңызды факторы екенін атап өтті.
Теориялық бөлімнен кейін қатысушылар тәжірибелік сабақтарға көшіп, дебаттық сессияларға қатысты. Бес командаға бөлінген қатысушылар Әйелдер қанатының сарапшыларымен бірлесе отырып өзекті мәселелерді талқылап, өз ұстанымдарын дәлелді түрде қорғауды үйренді.
Жобаны іске асыру аясында Қостанай облысы бойынша 100-ге жуық әйел оқыту бағдарламасынан өтті. Олар саяси коммуникация, пікірсайыс және көшбасшылық бағыты