«Таңшолпан: әйелдер кадрлық резерві – нәтижелері мен перспективалары»
Қостанай облысында «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты AMANAT мен Академия политического менеджмента бірлесіп әйелдердің саяси көшбасшылығын дамытуға бағытталған «Таңшолпан» жобасын іске асырды.
Жоба аясында 100 әйел (әр қала мен ауданнан 5 әйелден) қамтылып, олар мемлекеттік басқару, гендерлік саясат және сайлау науқандары мәселелері бойынша оқытудан өтті. Сонымен қатар, қатысушылар «AMANAT» партиясының кадрлық резервіне (республикалық 2000 әйелден тұратын кадрлық резервке) енгізілді.
Жоба шеңберінде оқыту кезеңдері, саяси дебаттар және сайлауалды бағдарламаларды қорғау өткізілді. Жоба ақпан айында өткен қорытынды кезеңнің нәтижесі бойынша сәтті аяқталды.