Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Инклюзия қоғамының дамуына жәрде... 29 мамыр, 2026 Ақтөбе облысы

«Ғылым» бағыты бойынша профориентациялық жұмыстың жүйелі дамуы.

ТАБИҒАТТЫ АЯЛАУ – ТӘРБИЕДЕН БАСТАЛАДЫ

«Ғылым» бағыты бойынша профориентациялық жұмыстың жүйелі дамуы.

Жас ұрпақтың бойына экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа жанашырлық сезімін тәрбиелеу және білім беру жүйесінде тұрақты дамуға бағытталған құндылықтарды дәріптеу – өскелең ұрпақтың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды ғылыми-әдістемелік міндеттердің бірі.

“AMANAT” партиясы Әйелдер қанатының қолдауымен “Mir 2” балабақшасында «Жасыл балабақша: табиғатты қорғайтын мамандықтар әлемі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

Бұл бағыт аясында өскелең ұрпақты қоршаған ортаны қорғауға бейімдеу мен болашақ мамандықтарға ерте бағдар беру мәселелері өзекті болып отыр.

Семинар жұмысына Ақтөбе Жоғары гуманитарлық колледжінің болашақ тәрбиешілері, тәлімгер педагогтер, «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының «Ғылым» бағытының мүшелері қатысып, мектепке дейінгі білім беру саласындағы экологиялық бағыттағы педагогикалық тәжірибелермен танысып, кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға мүмкіндік алды.

Іс-шара барысында балалардың табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, экологиялық мәдениетті дамыту және оларды қоршаған ортаны қорғауға бағытталған мамандықтар әлемімен ерте жастан таныстыру мәселелері ғылыми тұрғыда талқыланды. Сонымен бірге, кәсіби бағдар беру жұмыстарын мектепке дейінгі кезеңнен бастау қажеттілігі жөнінде маңызды тұжырымдар жасалды.

Тәжірибелік бөлімде қатысушылар экологиялық мазмұндағы ойын технологияларымен, шығармашылық алаңдармен және жасыл ортаны қалыптастыруға бағытталған заманауи педагогикалық әдістермен танысты. Семинар аясында педагогтер мен болашақ мамандар өзара ғылыми-тәжірибелік пікір алмасып, экологиялық білім берудің тиімді тәсілдерін саралады.

«Ғылым» бағыты бойынша профориентациялық жұмыстар мектепке дейінгі ұйымдарда, сондай-ақ облыс көлеміндегі колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Тегтер
Инклюзия қоғамының дамуына жәрдемдесу Ғылымдағы әйелдерді қолдау

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
23 маусым, 2026

Жаңа бастамалар мен нақты істер алаңы

Сарысу ауданында өткен Әйелдер қанатының отырысында әйелдердің көшбасшылығын дамыту, қоғамдық белсенділігін ар...

16 маусым, 2026

«Айша бибі» көшбасшылық мектебінде кезекті семинар өтті

Өңірлік «Айша бибі» көшбасшылық мектебінің семинарында белсенді әйелдер көшбасшылық, командамен жұмыс, көпшілі...

11 сәуір, 2026

Ұлы ғалымның мұрасы мәңгілікке қалды!

21 мамыр, 2026

«Тамыр. Әйел. Дәстүр»

Қайырлы күн, қымбатты достар! @Jip.spaceaqtobe жобасы аясында «Тамыр. Әйел. Дәстүр» ерекше кездесу өтті.

15 мамыр, 2026

⚡Алматы қалалық «AMANAT» партиясы филиалының алаңында «ШЕКСІЗ МҮМКІНДІК» жобасы аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 9–11 сынып түлектерін қолдау және әлеуметтендіруге арналған кездесу өтті.

4 мамыр, 2026

«Қабілетке қарай бағыт: ерекше балаларға кәсіп таңдаудың тиімді жолдары» облыстық кездесу

Өңірде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға тең мүмкіндік жасау, олардың сапалы білім алып, қоғамға толы...