Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Ғылымдағы әйелдерді қолдау 6 ақпан, 2026 Ақтөбе облысы

«Ғылымдағы әйелдер»

«Ғылымдағы әйелдер»

Бүгін «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының басым бағыттарының бірі — «Ғылымдағы әйелдер» бойынша отырысы өтті.

Жиын барысында аталған бағытқа жетекшілік ететін Нұргүл Абишева 2026 жылға жоспарланған іс-шаралар мен бастамаларды таныстырып, оларды талқылауға ұсынды. Алдағы кезеңде ғылым саласындағы әйелдердің әлеуетін арттыру, олардың бастамаларын қолдау және тәжірибе алмасуға жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылатыны айтылды.

Отырысқа ғалымдар, облыстық білім басқармасының басшысы, сондай-ақ білім және ғылым саласының білікті мамандары қатысты. Жиынға қатысқан жұмыс тобы құрамы сала алдында тұрған маңызды міндеттерге тоқталып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Жиында «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Әсел Сарманова өз тарапынан Әйелдер қанатының жұмысының негізгі мақсаты мен міндеттеріне тоқталып өтіп, бұл бағыттың қоғамдағы рөлі мен маңызын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша «Ғылымдағы әйелдер» бағытының жылдық жоспары әзірленіп, алдағы уақытта жүйелі әрі нәтижелі жұмыстар жалғасатын болады.


 

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 тамыз, 2026

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

7 тамыз, 2026

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

11 сәуір, 2026

Ұлы ғалымның мұрасы мәңгілікке қалды!

21 сәуір, 2026

Хромтауда әйелдер кәсіпкерлігінің даму үрдісі қандай?

Жақында Хромтау ауданында жұмыс сапарымен болды. Мен үшін мұндай сапарлар адамдарды тікелей тыңдауға, нақты сұ...

24 мамыр, 2026

Болашақ көшбасшылығы: цифрландыру, жасанды интеллект және жаңа мүмкіндіктер

Nazarbayev University қабырғасында EMBA бағдарламасы аясында «Көшбасшылық 5.0: корпоративтік басқарудағы цифрл...

10 сәуір, 2026

«ҒАЛЫМ TALKS: ҒЫЛЫМНАН БИЗНЕСКЕ»

Состоялась экспертная сессия «Ғылым Talks: от науки к бизнесу», организованная Женским крылом партии AMANAT со...