Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қ... 17 ақпан, 2026 Түркістан облысы

Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жетісай аудандық коалиция мүшелері түсіндіру жұмыстарын іскер әйелдер қауымдастығы ұжымымен кездесуді жалғастыруда. Кездесуді аудандық коалиция мүшелері Байтанаева Набаткүл, Ақтөреева Қаршыға, Өмірбай Кәмира қатысты.

Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

      «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жетісай аудандық коалиция мүшелері түсіндіру жұмыстарын іскер әйелдер қауымдастығы ұжымымен кездесуді жалғастыруда. Кездесуді аудандық коалиция мүшелері Байтанаева Набаткүл, Ақтөреева Қаршыға, Өмірбай Кәмира қатысты.

      Кездесу барысында Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мазмұны, олардың қоғамдағы әділеттілік пен заң үстемдігін нығайтудағы рөлі кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ жаңа редакциядағы бірқатар баптарға жеке тоқталып, олардың азаматтардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік кепілдіктерді күшейту және мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға бағытталған тұстары айтылды.

     Жиын барысында Конституция жобасындағы жаңа нормалар кеңінен түсіндірілді. Коалиция мүшесі Ақтөреева Қаршыға өз сөзінде:

«Конституция жобасының жаңа нормаларында адам құқығы мен мүддесін ең жоғары құндылық ретінде айқындау, заң мен тәртіп қағидатын күшейту және құқықтық мемлекеттің негіздерін нығайту міндеттері белгіленген. Бұл басымдықтар мемлекеттік басқарудағы ашықтық пен қоғам алдындағы жауапкершілікті арттыруды көздейді», – деп атап өтті.

      Іскер әйелдер қауымдастығы мүшелері ұсыныстарын білдіріп, реформалардың мәнін халыққа жеткізуде кәсіпкер әйелдердің белсенділігі маңызды екенін атап өтті. Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесу өзара түсіністік пен ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік берді.

69fdd0d59f6f9.jpg

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 тамыз, 2026

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

7 тамыз, 2026

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

6 мамыр, 2026

Әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру – басты назарда

"AMANAT" партиясының «Әйелдер аманаты» жобасы аясында Түлкібас ауданында белсенді әйелдермен мазмұнды кездесу...

8 мамыр, 2026

«AMANAT»: Қонаевта депутаттар мен әкімдер халықпен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін меңгеруде

Қонаев қаласында «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен функционалдық құзыретті дамы...

12 маусым, 2026

«AMANAT» партиясы «Әділет» партиясына қосылу туралы шешім қабылдады

«AMANAT» партиясы «Әділет» партиясына қосылу туралы шешім қабылдады Бүгін Астанада «AMANAT» партиясының кез...