Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қ... 27 мамыр, 2026 Алматы облысы

Алматы облысы AMANAT партиясы жанындағы «Әйелдер қанатының» ұйымдастыруымен Есік қаласындағы Райымбек батыр атындағы орта мектбінде "Қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыру" атты кездесу өтті.

Кездесу барысында қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыру, олардың құқықтық сауаттылығын күшейту және заң шығару үдерісіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.

Алматы облысы AMANAT партиясы жанындағы «Әйелдер қанатының» ұйымдастыруымен Есік қаласындағы Райымбек батыр атындағы орта мектбінде "Қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыру" атты кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі тақырыбы – заң жобаларына гендерлік сараптама жүргізудің маңыздылығы болды. Қатысушылар заң қабылдау кезінде әйелдер мен ер азаматтардың мүдделері тең дәрежеде ескерілуі қажеттігін атап өтіп, гендерлік сараптаманың қоғамдағы әлеуметтік теңдікті нығайтудағы рөліне тоқталды. Сонымен қатар, әйелдердің құқықтарын қорғау, отбасы институтын қолдау, еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді кеңейту және әлеуметтік саясаттағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қатысушылар өз ұсыныстары мен бастамаларын ортаға салып, заңнамалық өзгерістерге қатысты ой-пікірлерін білдірді. Ашық форматта өткен жиында әйелдердің қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуын кеңейту бағытындағы нақты ұсыныстар айтылды.

Шара соңында мұндай кездесулердің маңыздылығы ерекше атап өтіліп, алдағы уақытта да әйелдер қауымымен тұрақты түрде диалог алаңдарын ұйымдастыру жалғасатыны жеткізілді.

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 тамыз, 2026

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

7 тамыз, 2026

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

8 мамыр, 2026

«AMANAT»: Қонаевта депутаттар мен әкімдер халықпен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін меңгеруде

Қонаев қаласында «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен функционалдық құзыретті дамы...

13 ақпан, 2026

«Домалақ ана»: Алматы облысында әйелдердің саяси көшбасшылық мектебі ашылды

Қонаев қаласында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының «Домалақ ана» әйелдерді...

6 мамыр, 2026

Әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру – басты назарда

"AMANAT" партиясының «Әйелдер аманаты» жобасы аясында Түлкібас ауданында белсенді әйелдермен мазмұнды кездесу...

12 маусым, 2026

«AMANAT» партиясы «Әділет» партиясына қосылу туралы шешім қабылдады

«AMANAT» партиясы «Әділет» партиясына қосылу туралы шешім қабылдады Бүгін Астанада «AMANAT» партиясының кез...