Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің саяси көшбасшылығын қ... 25 мамыр, 2026 Алматы облысы

AMANAT партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы «Әйелдер қанатының» ұйымдастыруымен Еңбекшіқазақ ауданындағы №2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті мекемесінде ұжым қызметкерлері мен ата-аналардың қатысуымен психологиялық тренинг өтті.

Іс-шараның мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға қолдау көрсету, мамандар мен ата-аналар арасындағы өзара байланысты нығайту және психологиялық қолдау мәдениетін қалыптастыру болды. Тренинг барысында қатысушылар түрлі тәжірибелік жаттығуларға қатысып, эмоционалдық тұрақтылықты сақтау, күйзелісті жеңу, балалармен тиімді қарым-қатынас орнату жолдары бойынша пайдалы кеңестер алды.

AMANAT партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы «Әйелдер қанатының» ұйымдастыруымен Еңбекшіқазақ ауданындағы №2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті мекемесінде ұжым қызметкерлері мен ата-аналардың қатысуымен психологиялық тренинг өтті.

Сонымен қатар, мамандар ерекше балалармен жұмыс істеудегі маңызды тәсілдермен бөлісіп, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді. Ашық пікір алмасу алаңына айналған кездесуде қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, бір-біріне қолдау білдірді.

Шара соңында қатысушылар мұндай тренингтердің қоғамдағы инклюзивті мәдениетті дамытуға және ата-аналарға рухани қолдау көрсетуге үлкен септігін тигізетінін атап өтті

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 тамыз, 2026

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

Qolqanat жобасы аясында «Ішкі тірек» кездесуі ұйымдастырылды

7 тамыз, 2026

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

«Әділет» партиясының Бастауыш партия ұйымдарының республикалық форумы өтті.

8 мамыр, 2026

«AMANAT»: Қонаевта депутаттар мен әкімдер халықпен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін меңгеруде

Қонаев қаласында «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен функционалдық құзыретті дамы...

13 ақпан, 2026

«Домалақ ана»: Алматы облысында әйелдердің саяси көшбасшылық мектебі ашылды

Қонаев қаласында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының «Домалақ ана» әйелдерді...

6 мамыр, 2026

Әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру – басты назарда

"AMANAT" партиясының «Әйелдер аманаты» жобасы аясында Түлкібас ауданында белсенді әйелдермен мазмұнды кездесу...

12 маусым, 2026

«AMANAT» партиясы «Әділет» партиясына қосылу туралы шешім қабылдады

«AMANAT» партиясы «Әділет» партиясына қосылу туралы шешім қабылдады Бүгін Астанада «AMANAT» партиясының кез...