Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Инклюзия қоғамының дамуына жәрде... 4 ақпан, 2026 Ақтөбе облысы

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ ЖИЫН ӨТКІЗДІ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ ЖИЫН ӨТКІЗДІ

«AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының «Әйелдердің денсаулығын нығайту және отбасы институтын күшейту» бағыты аясында жұмыс жиыны өтті. Жиынға Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, аталған бағыттың жетекшісі Дюсенова Айгүл Егізбайқызы жетекшілік етті.

Іс-шараға партияның облыстық филиалы қызметкерлері мен Әйелдер қанатының мүшелері, денсаулық сақтау саласының өкілдері, волонтерлік ұйым мүшелері, блогерлер, психологтар, сондай-ақ қала және аудандық отбасы орталықтарының мамандары қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – әйелдердің денсаулығын сақтау және нығайту, отбасы құндылықтарын қолдау, әлеуметтік осал топтағы әйелдерге жан-жақты көмек көрсету, сондай-ақ осы бағыттағы жобаларды тиімді жүзеге асыру жолдарын талқылау болды.

Жиын барысында қатысушылар өз салалары бойынша тәжірибе алмасып, төмендегі бағыттар бойынша мәселелерді қарастырды:
• әйелдер денсаулығын нығайту мәселелері;
• ана мен баланы қорғау, табиғи ана сүтімен емізуді қолдау тетіктері;
• аз қамтылған әйелдерге арналған әлеуметтік қолдау шаралары;
• практикалық іс-шараларды ұйымдастыру тәжірибесі;
• отбасылық құндылықтарды дәріптеу және нығайту.

Кездесу қорытындысында қатысушылар алдағы жұмыс жоспарын айқындап, бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру тетіктерін талқылады. Сонымен қатар ақпараттық сүйемелдеу мен медиа ресурстарды пайдалана отырып, әйелдер мен отбасыларға арналған жобаларды кеңінен насихаттау мәселесіне ерекше назар аударылды.

Аталған жиын әртүрлі сала мамандарының басын қосып, әйелдер денсаулығы мен отбасы институтын қолдауға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде дамытуға мүмкіндік берді. Кездесу соңында қатысушылар өзара ынтымақтастықты нығайтып, бірлескен жобаларды тиімді іске асыру жөнінде ортақ келісімге келді.

Тегтер
Инклюзия қоғамының дамуына жәрдемдесу Психологиялық қызмет институтының жұмыс істеуіне жәрдемдесу Әйелдердің денсаулығын және отбасы институтын нығайтуға көмектесу Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
23 маусым, 2026

Жаңа бастамалар мен нақты істер алаңы

Сарысу ауданында өткен Әйелдер қанатының отырысында әйелдердің көшбасшылығын дамыту, қоғамдық белсенділігін ар...

16 маусым, 2026

«Айша бибі» көшбасшылық мектебінде кезекті семинар өтті

Өңірлік «Айша бибі» көшбасшылық мектебінің семинарында белсенді әйелдер көшбасшылық, командамен жұмыс, көпшілі...

11 сәуір, 2026

Ұлы ғалымның мұрасы мәңгілікке қалды!

21 мамыр, 2026

«Тамыр. Әйел. Дәстүр»

Қайырлы күн, қымбатты достар! @Jip.spaceaqtobe жобасы аясында «Тамыр. Әйел. Дәстүр» ерекше кездесу өтті.

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

3 маусым, 2026

Әйелдер қанаты психологиялық қызметті дамытуға қолдау көрсетеді

Достық үйінде өткен «Психология NEXT» өңірлік конгресінде психологтар жасанды интеллект дәуіріндегі психикалық...