АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ: САЛА АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы, «Әкімдік» бастауыш партия ұйымының төрайымы және әйелдер қанатының мүшесі Салтанат Бекжүнісова аудандық ауруханада ұзақ жыл жемісті еңбек етіп, зейнет демалысына шығып жатқан сала ардагері Күнсұлу Жетібаеваны қуанышымен құттықтап, құрмет көрсетті.
– Құрметті Күнсұлу Әбдірахманқызы, Сізді «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның атынан ардагерлік кезеңге абыроймен жету қуанышыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекет басшысының сенімді саяси тірегіне айналған «AMANAT» партиясы өз жақтастары мен мүшелерін әркез қолдап келеді. Сіз 2003 жылдан бері «AMANAT» партиясының мүшесі ретінде жетекші партияның қалыптасуы мен дамуына, талай кезеңдерді абыроймен өткеруіне өз үлесіңізді қостыңыз. Ауданның денсаулық сақтау саласында атқарған табанды еңбегіңізді жоғары бағалаймыз және алдағы уақытта сала ардагері ретінде отбасы құндылығын нығайту мен қоғам игілігі жолында үлгі-өнеге көрсетеді деп сенеміз. Сізді мерейлі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтап, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, бақ-береке тілейміз!, – деді Ақтөре Ибрагимұлы.
Өз кезегінде сала ардагері Күнсұлу Жетібаеваны әріптестерінің атынан білікті дәрігер А.Қарсанқызы, сондай-ақ көршілері, туыстары мен ұрпақтары да құттықтап, құрмет көрсетті. Аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары әннен шашу шашып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерейтой иесі ізгі лебіз білдірген, құрмет көрсеткен барша жанға шынайы алғысын айтып, ризашылығын жеткізді.