Әйел көшбасшылығы: Қоғамдық өзгерістердің қозғаушы күші
Састөбе кентінде Түлкібас аудандық әйелдері кеңесінің төрайымы Айжан Тунгишбаеваның ұйымдастыруымен «Әйел көшбасшылығы: Қоғамдық өзгерістердің қозғаушы күші» тақырыбында мазмұнды да мағыналы дөңгелек үстел отырысы өтті.
Састөбе кентінде Түлкібас аудандық әйелдері кеңесінің төрайымы Айжан Тунгишбаеваның ұйымдастыруымен «Әйел көшбасшылығы: Қоғамдық өзгерістердің қозғаушы күші» тақырыбында мазмұнды да мағыналы дөңгелек үстел отырысы өтті. «Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбына арналған іс-шара, әйелдердің қоғамдағы рөлін ілгерілетуге бағытталған.
Іс - шараның басты мақсаты-практикалық құралдарға оқыту, әйел көшбасшылардың оң имиджін қалыптастыру және ілгерілету, сондай-ақ коммуникативтік дағдыларын арттыру. Басқосуда спикерлер «Әйелдің қоғамдағы рөлі», «Басқарудағы жұмсақ күш», «Даму жолындағы білімнің маңызы» тақырыптарын қозғады. Сонымен қатар БПҰ жанынан Әйелдер қанатының жұмыс жоспарын әзірлеу мәселесі қаралды.


