Әйелдер қанаты мүшелері «Неконференцияға» қатысты
Әйелдер қанатының мүшелері IT-Hub Terricon Valley алаңында өткен «Неконференцияға» қатысып, цифрлық технологиялар, кәсіпкерлік және инновациялық жобалармен танысты.
Әйелдер қанатының мүшелері IT-Hub Terricon Valley алаңында өткен «Неконференция» іс-шарасына қатысты.
Бүгінде цифрлық технологияларға, кәсіпкерлікке және жаңа мамандықтарға қызығушылық танытатын азаматтардың, әсіресе әйелдер мен жастардың қатары артып келе жатқаны қуантады. Осындай алаңдар тәжірибе алмасуға, жаңа байланыстар орнатуға және инновациялық идеяларды дамытуға мүмкіндік береді.
Іс-шара барысында қатысушылар түрлі жобалармен, стартаптармен және бизнес-бастамалармен танысты. Сонымен қатар кәсіпкерлер мен IT қауымдастығы өкілдерінің тәжірибелері тыңдалып, жаңа цифрлық шешімдер мен қосымшалардың таныстырылымдары ұсынылды.
Кездесудің ерекшелігі – қазіргі таңда өзара тығыз байланысты екі маңызды бағыттың, яғни бизнес пен ақпараттық технологиялардың бір алаңда тоғысуы болды.
Сондай-ақ қатысушылар арасында бұған дейін «Ауыл әйелдерінің цифрлық болашағы» форумына қатысқан әйелдердің болуы ерекше қуантты. Бұл әйелдердің цифрлық сауаттылыққа, жаңа білім мен заманауи дағдыларды игеруге деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.
Мұндай іс-шаралар қоғамда цифрлық мәдениетті дамытуға және жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға ықпал етеді.