Әйелдер қанатының жұмыс кездесуі өтті
«AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанатының ұйымдастыруымен белсенді мүшелердің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Бүгін «AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанатының ұйымдастыруымен аймақтағы белсенді мүшелердің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Іс-шараға қызметтің 10 негізгі бағыты бойынша бекітілген үйлестірушілер қатысты. Олар алдағы уақытта облыс көлемінде жүйелі жұмыстар жүргізетін болады.
Сонымен қатар кездесуге «TOMIRIS» саяси көшбасшылық мектебінің түлектері қатысты. Жиын барысында Қарағанды облысында саяси көшбасшылық курстарын ұйымдастыру жоспарлары таныстырылды. Аталған курстарда «TOMIRIS» мектебінің түлектері спикер ретінде қатысып, өз тәжірибелері мен білімдерімен бөліседі.
Кездесу барысында Құрылтай мәселесіне ерекше назар аударылып, оның маңызы мен күн тәртібіндегі негізгі бағыттар талқыланды. Алдағы кезеңге арналған басым міндеттер мен жұмыс жоспарлары айқындалды.
Кездесу қорытындысы бойынша өңірде бірлескен, жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізу бағыты бекітілді.