Әйелдер мәселесі — басты назарда
Қарқаралыда «AMANAT» партиясының әйелдер қанатымен кездесу өтіп, ауыл әйелдерін қолдау, құқықтық және психологиялық көмек көрсету мәселелері талқыланды.
Бүгін Қарқаралыда «AMANAT» партиясының әйелдер қанатымен кездесу өткіздім.
Кездесу барысында әйелдерге жергілікті жерде нақты қандай қолдау қажет екені ашық әрі іскерлік форматта талқыланды. Артық ресмиліксіз, шынайы мәселелер мен оларды шешу жолдарына назар аудардық.
Алдағы уақытта психологтар, дәрігерлер және заңгерлердің қатысуымен арнайы форум өткізуді жоспарладық. Негізгі мақсат — әрбір әйел өз сұрағын еркін қойып, түсінікті әрі қолжетімді көмек ала алуы.
Әсіресе ауылдық жерлердегі әйелдерге ерекше көңіл бөлдік. Ауылда қоғам өміріне белсенді араласқысы келетін, дамуға ұмтылатын мықты әйелдер көп. Оларға қолдау, білім және өз күшіне деген сенім қажет.
Өйткені әрбір өтініштің артында адам тағдыры тұр. Біреуге қолдау керек болса, енді біріне кеңес немесе жай ғана тыңдайтын адам қажет.
Осындай кездесулерді тек есеп үшін емес, нақты нәтиже беріп, адамдарға шын мәнінде көмектесу үшін өткізуді жалғастырамыз.