Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің денсаулығын және отба... 9 қаңтар, 2026 Қызылорда облысы

БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ: АТА-АНА МЕН БАЛА АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ: АТА-АНА МЕН БАЛА АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

“Бақытты отбасы” партиялық жобасы аясында Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен “Орталық” бастауыш партия ұйымы өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, отбасындағы өзара сыйластық пен түсіністікке бағытталған маңызды шара – ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас тақырыбында дөңгелек үстел форматында тренинг өткізді. Іс-шараға мектеп оқушылары қатысып, отбасы құндылықтары жөнінде өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіру, отбасындағы сыйластық, жауапкершілік, мейірім мен сенім ұғымдарын жасөспірімдердің санасына сіңіру, сондай-ақ баланың тұлға ретінде қалыптасуындағы ата-ананың рөлін кеңінен ашу болды.

Шара барысында ұйымдастырушылар отбасы – қоғамның тірегі, ал ата-ана мен бала арасындағы дұрыс қарым-қатынас бақытты болашақтың негізі екенін атап өтті. Қатысушыларға отбасы ішіндегі өзара түсіністік, ашық әңгіме, бір-біріне қолдау көрсету, баланың пікірін тыңдау секілді құндылықтар туралы кеңінен түсіндірілді.

Дөңгелек үстел барысында оқушылар белсенділік танытып, өз отбасыларындағы қарым-қатынас, ата-анамен арадағы байланыс, күнделікті өмірде кездесетін қиындықтар мен оларды шешу жолдары жөнінде ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, түрлі жағдаяттық сұрақтар қойылып, балалар өз көзқарастарын еркін жеткізуге мүмкіндік алды.

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

8 мамыр, 2026

БАЛА ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

7 наурыз, 2026

ӘЙЕЛ ЕҢБЕГІ – ЕЛ МЕРЕЙІ

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

1 сәуір, 2026

Петропавл қаласында «Vildana Studio» сұлулық салонының иесі Вильдана Қожахметова «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында тегін курс ұйымдастырды.

Петропавлда «AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанатының мүшесі, «Vildan...